Ол ҚХП Алматы облыстық филиалының активімен кездесіп, саяси жүйедегі өзгерістерді талқылады. Депутат өнер мектебінің ұстаздарымен жүздескенде азаматтық қоғам құру, әкімдердің партия қатарынан шығуы, қолданысқа мажоритарлық сайлау жүйесінің енуі сынды бастамалар қоғамға оң серпін беретінін айтты.
Алматы облыстық мәслихатының депутаты Е. Жүнісханмен тілдескенде Ғ. Құлахметов өңірде атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарына қанықты.
Үшінші кездесу сурет галереясында, М. Әбдіреевтің көрмесінде өтті. Сайлаушылармен сұхбаттасу барысында Ғ.Құлахметов референдумға қатысудың маңыздылығына назар аударды.
– Депутат ретінде мен үшін халықпен тікелей байланыс аса маңызды. Жетісулықтармен Конституциялық өзгерістерді қызу талқыладық. Олар оң өзгеріс болады деп үміттеніп отыр, – деді депутат.
ҚХП баспасөз қызметі