fbpx

Билік пен азаматтық қоғамның парадигмасы өзгереді Бейсенбі, 19 Мамыр 2022 14:47

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ж.Ахметбеков Нұр-Сұлтан қаласындағы №45 орта мектептің ұжымымен кездесті.

Ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның мақсаты мен міндеті туралы айтты.

190522AkhmetbekovViezd2 2

– Билік пен азаматтық қоғамның парадигмасы өзгереді. Реформа халықтың елді басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және тұтастай алғанда азаматтардың конституциялық құқығын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Ата заңға енгізілетін түзетулер қатарында жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау қарастырылған. Бұл – біздің партияның бастамасы екенін айта кетуіміз керек. Біз Конституцияны жетілдіру мақсатында бірқатар бастама көтерген едік. Соның бірі Қазақстан халқының жерге, оның қойнауы мен байлығына құқығын заңмен бекіту мәселесі болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы бастаманы Конституцияға енгізуді қолдады, – деді депутат.

190522AkhmetbekovViezd2 1

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS