fbpx

ПИК-тен МИБ-ке шығынсыз қалай өтуге болады? Жұма, 17 Маусым 2022 16:45

ТКШ реформасы тұралап тұр. Тығырықтан шығу үшін қайтпек керек? Мезгіл мәселесі Қазақстан Халық партиясы басшылығының «Мүлік иелерінің республикалық бірлестігі» өкілдерімен кездесуінде талқыланды.

ҚХП төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин атап өткендей, қазір ТКШ жүйесі күрделі трансформациядан өтіп жатыр.

– Алдыңғы тәжірибе осы саладағы өзекті мәселелерді әшкереледі, – деп атап өтті ол. – Тұрғын үйлерді басқарудың жаңа ұйымдастырушылық тәсілі қайшылыққа толы болуы мүмкін.

170622 Saifullin

Тұрғын үй реформасына не кедергі? «Мүлік иелерінің республикалық бірлестігінің» басқарушы директоры Александр Разумовскийдің пікірінше,

жүйеде тәртіп жоқ. Елімізде көппәтерлі тұрғын үйлердің (КПТҮ) нақты саны әлі күнге дейін анықталмаған. Ал ТКШ ҚазОрталығының бұл мәселеге қатысты өз ұстанымы бар. Жаңашылдықты халық та екіұшты қабылдады.

– МИБ-ті тіркеу мерзімін ұзарту мәселенің шешімі емес, – деп атап өтті А.Разумовский. – Мәселені оңтайластырудың нақты жолы көрсетілмеген. Бізде 19 миллион тұрғынның мәселесін қарайтын тұрғын үй шаруашылығы министрлігі мен бақылау мен есеп жүргізе алатын бейінді мекеме жоқ.

170622 men

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова есептеу кезінде Қазақстан тұрғындарының жартысы ауылда тұратынын ескеру қажет екенін айтты. Жаңа мекеме құрылса, ол әрекетсіз отыратын мемлекеттік органға айналуы мүмкін екенін, сондықтан оны құрудың қажеттілігін пысықтаған жөн дегенді алға тартты.

– Бұл мәселеге эмоциясыз қарап, оны жоспарлы түрде шешу қажет, – деді депутат.

170622 Smirnova

«Наш дом-НС» өндірістік кооперативінің төрағасы Александр Киль елге жаңа заңнама қажет екеніне сенімді.

– Біз 1997 жылғы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сүйеніп отырмыз.

Яғни өзімізді-өзіміз алдап жүрміз. Қолданыста жаңа заң жоқ. Бізге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық саласын қамтитын тұрғын үй кодексі қажет, – деді кооператив төрағасы.

Қазақстан Халық партиясы ұсыныс әзірлеп, мәселені Парламент деңгейінде көтеруді көздеп отыр. Қазіргі жағдай көңіл көншітпейді. ПИК жойылып жатыр, МИБ әлі құрылмаған. Салдарынан көптеген үйлерге қыс мезгіліне дайын болмау қаупі төніп тұр. Тіркеу мерзімін ұзарту мәселені түбегейлі шешпейді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS