fbpx

Қант неге тапшы? Дүйсенбі, 20 Маусым 2022 10:02

ҚХП Алматы облыстық филиалының кеңсесінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ шаруа қожалықтары басшылары мен партия белсенділерінің қатысуымен «Жетісу облысының дағдарысқа қарсы шаралары және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның модераторы-партия филиалы басшысының орынбасары О.Ибраимов Президент Қ. Тоқаев өзінің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеу қажеттігін атап өткенін тілге тиек етті.

Талқылау барысында азық-түлік және бірінші кезекте тұтынатын тауар бағасының өсуі мен қант тапшылығы мәселесі көтерілді. Жиынға қатысушылар Жетісу облысында жаңадан құрылған 3 қант зауыты бар екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Н.Кененбаев облыста қазіргі уақытта Көксу қант зауыты ғана жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

200622Almaty

– Зауыт тек шикізатты өңдеумен айналысады. Бүгінгі күні өндіріс көлемі көңіл көншітпейді. Ескелді қант зауыты қараусыз қалған. Ақсу зауыты  қызылша өңдеуден қамыс өңдеуге ауысып жатыр. Оның биыл іске қосылу күмән туғызады. Қамысқа көшудің себебі – шикізат жоқ. Шаруалар қызылша өсіргісі келмейді. Өйткені бұл өте ауыр және шығыны көп жұмыс, – деді ол.

2022 жылдан бастап Алматы облысында суармалы судың тапшылығының салдарынан егістік жерлердің үлесі 14 мың гектардан 6 мың гектарға дейін азайды.

Кәсіпкерлік басқармасы сауда бөлімінің бастығы А.Ыдырысованың айтуынша, қант тапшылығына алыпсатарлар да ықпал етеді. Олар жеке мүдделері үшін қант тапшылығы туралы жалған ақпарат таратады. Бұл – тұтынушылардың сұранысын арттырады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS