fbpx

Тұрғын үй реформасының түйіні тарқамай тұр Дүйсенбі, 20 Маусым 2022 11:35

Қазақстан Халық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы еліміздің тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістерді талқылау үшін  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға Өскемен қаласы әкімдігі ішкі саясат департаментінің, коммуналдық компаниялар мен ТКШ сервистік орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап барлық ПИК пен ТК жойылып, орнына Мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестіктер құрылады деп болжанды. Алайда жаңа құрылымдарды енгізуді тағы бір жылға ұзартуға тура келеді.

Пікірталасқа қатысушылар МИБ пен жай серіктестікті тіркеу, сервистік компаниялармен шарт жасасу мен жинақтаушы шот ашу кезінде туындайтын қиындықтар туралы сөз қозғады.

Жиында тұрғындардың ПИК- алдындағы және ПИК-тің қызмет көрсетушілер мен жалдамалы қызметкерлер алдындағы қарызын қайтару мәселесі қаралды. 

– Орын алған апатты кім жояды? – деп сұрады белсенділер.

Әзірге ПИК жойылу, ал МИБ пен жай серіктестік қалыптасу сатысында. Сондықтан нақты жұмыс жоспары жоқ. Бюджет те бекітілмеген.

– Бұл жағдай онсыз да шиеленісіп тұрған мселені күрделендіре түседі, – деді белсенділер.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS