fbpx

Мемлекеттік тілді білу және дамыту – ортақ парызымыз Сейсенбі, 21 Маусым 2022 08:57

ҚХП Алматы қалалық филиалы «Қазақстандағы халық бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ҚХА, ҮЕҰ өкілдері, партия мүшелері мен қоғам қайраткерлері, «Мәміле» қоғамдық қорының директоры және аттас клубтың төрағасы, лингвист, «Ситуациялық қазақ тілі» кітабының авторы Қ. Тасибеков, «ZHERUIYKNEWS» жобасының авторы, журналист-редактор А. Мишина сонымен қатар «Батыл бол!» қазақ тілінде сөйлеу клубының негізін қалаушы А. Скалозубов қатысты.

Талқылау барысында мемлекеттік тілді білу және дамыту – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы деген байлам жасалды.

Қатысушылар тіл мәдениетін және тіл капиталын дамыту, сондай-ақ қазақ тілінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қазақ тіліндегі сапалы және танымал контентті жасаумен өз бетінше айналысатындарға қаржылық және техникалық қолдау көрсету, жастар арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін әлеуметтік желіні пайдалану, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мемлекет есебінен қазақ тілі клубтарын ашу және қазақ тілінде контент әзірлеу үшін (блог, бейнеблог, подкаст және т.б. жүргізуді оқыту бағдарламалары) жағдай жасау қажет екенін мәлімдеді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS