fbpx

Жаңа ұрпақ ҚХП-ны таңдайды Сейсенбі, 21 Маусым 2022 11:48

Қазақстан Халық партиясына 18 жыл. Қоғамда бұл көрсеткіш кәмелетке толуды білдіреді.

Атап көрсетерлігі, 18 жастан бастап әрбір азаматқа партия қатарына қабылдану мүмкіндігі беріледі. Бүгінгі таңда партияның құрамында 30 жасқа дейінгі азаматтардың қатары көп. Өңірлік филиалдарда белсенділігі жоғары жас көшбасшылар жұмыс істейді. Олар партия қатарында жүріп, саясатқа араласады. Азаматтық ұстанымдарын білдіріп, қоғамға пайдалы болуға тырысады.

Семей қаласының тумасы Алмас Ахатов ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен 3 жылдан бері тығыз араласады. 30 жасар жігіт қарапайым отбасынан шыққан. Өзінің табандылығымен заңгер мамандығын меңгерген. Қазір ол қайырымдылық мақсатында азаматтарға тегін заңгерлік кеңес береді.

Алмастың жоспары Қазақстан Халық партиясында да жүзеге асты. Заңгер партияға шағымданып келген азаматтардың құқығын қорғады.

Aalmas

Бір кездері ол партия филиалының Жастар қанатын басқарды. Сол кезде жауапкершілігімен көзге түсіп, партия мүшелерінің ғана емес, Өскемен қаласы тұрғындарының да құрметі мен сеніміне ие болды.

Қазір Алмас Ахатов қалалық мәслихаттың депутаты. Ол партияның жобаларына қатысуын жалғастырып келеді.

– Ел игілігі үшін жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін партияға ризашылығымды білдіремін. Маған ҚХП-ның саяси ұстанымы мен әлеуметтік бағыты ұнайды. Себебі мен қарапайым адамдардың қандай мәселелермен бетпе-бет келетінін жақсы білемін. Партияның зейнет жасын төмендету, халықтың әлжуаз тобын қолдау, мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық жасау сынды бастамаларын толық қолдаймын. Қазір ҚХП мемлекеттік активтерді олигархтарға бермеу туралы бастама көтеріп жатыр. Бұл да құптарлық іс. Бүгінгі таңда жастарды, достарымды партия қатарына шақырып жүрмін. Еріктілермен тығыз байланыс орнаттым. Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жаңа Қазақстанды жастар қалыптастыруға тиіс, – деді ҚХП Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Алмас Ахатов.

Раушан Жұмабекова 25 жаста. Ол ҚХП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Ол партияның тыныс-тіршілігімен әлеуметтік желі арқылы танысты. Саяси ұйымның ұстанымы өзінің көзқарасына сай келгендіктен, партия мүшесі атануға бел буды.

ZHRaushan

Ол партияға жауапты ұйымдастырушы ретінде қабылданып, кейін филиал төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Осы аралықта  өзінің ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілетімен атынлды. Халықпен кездесулерде, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштермен жұмыс істеуді, түрлі акцияларды ұйымдастыруды алғырлығымен озды.

Оның ойынша, адамдарға жақсылық жасау үшін қолда бар мүмкіндікті қолдану маңызды.

– Өкінішке қарай, қарапайым адамдардың мәселесіне тиісінше назар аударылмайды. Олар шарасыздықтан партияға жүгінеді. Ел азаматтарының жағдайына бей-жай қарай алмаймын. Әлсіздерді қорғағым, әділдікті жақтағым келеді. ҚХП менің білімімді кеңейтті, маған мүмкіндік берді.

Қазақстан Халық партиясында жастарға барлық жағдай жасалған деп санаймын. Партия құрамындағы жастар саяси сауатты. Олар партия қатарында коммуникацияның заманауи технологиясын қолдануды меңгереді.

Ең бастысы, партия қарапайым адамдардың сұранысын қанағаттандыруға басымдық береді. Бұл бастама бізді – жастарды шабыттандырады, – деді ҚХП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары.

Атыраулық Максим Федотовтың партия қатарына қабылданғанына 7 жыл болды. Қазір Максим 25 жаста. Ол бастапқыда партияның Жастар қанатын құрып, ҚХП Атырау облыстық филиалының БАҚ және жұртшылықпен байланысын орнатуға атсалысты. Кейін заңгер мамандығы бойынша білім алып, партия филиалының қоғамдық қабылдауында жұмыс істеді. Азаматтарға тегін заңгерлік кеңес берді.

Fmaxim

– Партия құрамында жастардың көп екеніне таң қалдым. Себебі бізде жастардың ел ертеңі екені туралы көп айтылатын, алайда іс жүзінде оларды шоғырландыруға, дамытуға назар аударылмайтын. Қазақстан Халық партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Партияда әркім өз пікірін ашық айта алатын диалог алаңы ғана емес, сондай-ақ қызмет етуге кең мүмкіндік бар. Мұнда жастарға зор сенім артылады, – деді Максим Федотов.

Ақтөбелік Алтынай Жетпісбаева Қазақстан Халық партиясына 2013 жылы қабылданды. 22 жасар қыздың алдында «Нұр Отан» немесе ҚХП деген таңдау тұрды. Алтынай ең әуелі Қазақстан Халық партиясының Жарғысымен және бағдарламасымен танысты. Сөйтті де ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының өкілдерімен араласа бастады.

– Маған партияның әлеуметтік  мәселелерге ерекше назар аударатыны ұнады. Өз таңдауымды жасадым. Қазақстан Халық партиясының мүшесі болғанымды мақтан тұтамын, – деді Алтынай Жетпісбаева.

ZHAltinay

Жас белсенді партия филиалының Жастар қанатының жетекшісі болды. Кейін партия мүшелерінің ұсынысымен оның кандидатурасы ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына ұсынылды. Алтынайдың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Ол 2 жылдан бері осы лауазымды абыроймен атқарып келеді.

– Алғаш рет актив мүшелерімен бірге аудан тұрғындарымен кездескенім есімде. Бізге көп адам мұң-мұқтажын айтып келіп жатады. Біз олардың жеке мәселелеріне ортақтасамыз, – деді ҚХП Ақтөбе филиалы төрағасының орынбасары Алтынай Жетпісбаева.

ҚХП Ақмола облыстық филиалы медиа-тобының жетекшісі Дмитрий Терза   21 жаста. Ол жастармен жұмыс жөніндегі үйлестіруші, «Қазақстан жастары Конгресі» ЗТБ және «Ақмола облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ мүшесі.  Ол партияның қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, саяси жүйені жетілдіру, аз қамтылған отбасыларды қорғау сынды идеяларын толық қолдайды.

Tdmitriy

– Біздің партия жоғары сапалы және кәсіби мамандармен толығып жатқанын атап өткім келеді. Бұл біздің бағытымыздың дұрыс екенін растайды. Қазақстан Халық партиясының туған күнінде баршамызға жеңіс тілеймін, – деді ҚХП Ақмола облыстық филиалының өкілі Дмитрий Терза.

Ислам Сұңқар қазіргі уақытта Қазақстан Халық партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. 26 жастағы Исламның саяси мансабы 2016 жылы ҚХП құрамына кірген кезде басталды. Университетте оқып жүрген кезінде жас жігіт саясатқа қызығушылық танытып, сол кездегі билік партиясының баламасын табуға тырысты. Оны ұрандар қызықтырмады. Ол әлеуметке бағдарланған партияның құрамында болуды мақсат тұтты.

Ислам ҚХП Астана қалалық филиалына келіп, активпен танысқаннан кейін тағдырын партиямен байланыстырды. Алты жыл ішінде партияда жауапты ұйымдастырушы, жастар саясаты жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарды. Сайлау науқандарына қатысты, Орталық аппаратта жұмыс істеді. Өңірлермен, депутаттармен тығыз байланыста болып, білім мен тәжірибе жинақтады.

Sislam

– Партия маған не береді? Біріншіден, мен елдегі саяси мәдениеттің қыр-сырын түсіне бастадым. Екіншіден, өз-өзімді көрсету мүмкіндігін алдым. Үшіншіден, саяси-құқықтық сауаттымды арттырдым. Партияға және партия мүшелеріне табыс тілеймін. Алға қойған мақсаттарымызға жететінімізге сенім білдіремін, – деді Ислам Сұңқар.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS