fbpx

Ерекше қажеттілігі бар балаларға жеке омбудсмен қажет Сейсенбі, 21 Маусым 2022 16:29

Қазақстан Халық партиясы ерекше қажеттілігі бар балалар мен оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылау үшін дөңгелек үстел өткізді.

Жиынның модераторы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, қоғам үнемі балаларды қарапайым және мүмкіндігі шектеулі балалар деп бөледі.

– Ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар тәуекел тобына жатады, – деді М. Магеррамов. – Қоғамның мүгедектігі бар балаларды қабылдамауы, күнделікті күйзеліс отбасын ыдырауға ұшыратады.

Magerramov

«Айнар» ҚҚ директоры, AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық қауымдастығының төрағасы Нұрия Балтабайқызы аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірқатар проблемаларын атап өтті. Оның сөзінше, емханаларда науқастарды ерте диагностикалау жоқ, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдамайды, инклюзивті білім берудің орнына оқушыларды әлеуметтендіруден айыра отырып, үйде оқытуға басымдық беріледі.

Кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдар интернаттар мен диспансерлерге түседі немесе үйлерінде отырады. Өйткені мемлекетте оларды жұмыспен қамту бағдарламасы жоқ.

Нұрия Балтабайқызы мүгедек адамдардың мәселесі жөніндегі жеке уәкілетті орган, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғауға арналған омбудсмен институтын құруды ұсынды.

NBaltabay

– Бұл мүгедектігі бар адамдар мен Үкіметтің өзара әрекеттесуінің ең тиімді тәсілі болар еді, – деді ол.

«Солнечный мир» қоғамдық қорының төрағасы Мария Федорова менталдық ауытқушылығы бар балалар санаторлық-курорттық ем қабылдау кезінде бетпе-бет келетін қиындықтарды тілге тиек етті. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің жиі өзгеретін бұйрықтарының салдарынан мұндай ем алу оны лотереяда жеңіп алғанмен бірдей екенін айтты.

MFedorova

ҚР Диабет қауымдастығының президенті Руслан Закиев министрліктер мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың сұранысын толық түсінбейтінін тілге тиек етті.

RZakirov

– Шенеуніктер жауапкершіліктен жалтарады, – деді ол.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мүгедек адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Отырыс қорытындысында ҚР Үкіметіне ерекше балалары бар отбасылардың өмірін жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныс жолданды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS