ҚХП парламенттік фракциясының депутаттары бұған дейін мұндай заңның қажеттігі туралы бірнеше рет мәлімдеді.
– Қазіргі банктердің моделіне сәйкес, несиесін өтеуді тоқтатқан адам қара тізімге алынып, заңды экономикалық үрдістен аластатылады, – деді олар. –Мұндай адамдар мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатыса алмайды. Салдарынан көлеңкелі экономика бет бұруға мәжбүр болады. Бұл дұрыс іс емес. Сондықтан өмірдің қиындығына тап болған барлық адамдарға қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беру қажет.
Келесі аптадан бастап Қазақстан Халық партиясы заң жобасын депутаттармен, әзірлеушілермен, сарапшылармен, экономистермен, азаматтық белсенділермен және қоғам өкілдерімен талқылай бастайды.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң жобасының мәтінімен және ілеспе түзетулермен сілтемелер арқылы танысуға болады.
ҚХП баспасөз қызметі