fbpx

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды Бейсенбі, 23 Маусым 2022 10:26

Қазақстан Халық партиясының Түркістан облыстық филиалы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады.

Осыған орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде филиал төрағасының орынбасары Ы.Ахметов баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге Сайрам аудандық бастауыш партия ұйымының, Түркістан локомотив депосы бастауыш партия ұйымының төрағалары, Бюро мүшелері мен партия активінің мүшелері қатысты. Олар өзекті қоғамдық-саяси мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстелде партияның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының акцияларын халық меншігіне беру жөніндегі петициясын халыққа жеткізу, ҚХП мүшелерінің ауыл, аудан әкімдері және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұған қоса облыстық филиалдың екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS