fbpx

Қазақстан полициясына – 30 жыл Бейсенбі, 23 Маусым 2022 17:58

Жылдар бойы Қазақстан полициясының қызметкерлері азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғап келеді.

Бүгінгі таңда полиция жұмысын жетілдіру және оның халыққа  қолжетімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдануда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесіндегі реформалардың жаңа пакетін жариялады.

– Бұл реформа біздің азаматтарымызға, қоғамға қажет, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. –  Азаматтар полицияның өзін қорғайтынына сенгісі және олардың қатарынан сатылмайтын адамдарды көргісі келеді. Ішкі істер органдары құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс!

Кәсіби мереке күні қазақстандық полицейлерге адал қызметі үшін алғыс білдіргіміз келеді. Міндеттеріңізді мінсіз атқарып, мамандықтарыңыздың лайықты өкілі болыңыздар!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS