fbpx

Табиғи байлықтан түсетін табыс – халық игілігі үшін Жұма, 24 Маусым 2022 14:11

Қазақстан Халық партиясы экономист Олжас Құдайбергеновпен кездесу өткізді. Әңгіме халықтың игілігі үшін табиғи ресурстардан түсетін кірісті әділ бөлу тетігін құруға арналды.

Шараның модераторы, ҚХП төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев атап өткендей, Қазақстан табиғи байлығы мол мемлекет. Байлықтың басым бөлігі квазимемлекеттік секторда, оның ішінде «Самұрық-Қазына» басқарушы холдингінде шоғырланған.

– Компания мемлекетке тиесілі және тиімсіз басқарылады, – деп нақтылады Р. Ошақбаев. – Бұл байлық қарапайым қазақстандықтарға қолына түспейді.

Норвегия, Сингапур сияқты бірқатар елдерде ұлттық игілік қандай да бір жолмен азаматтарға беріледі. Бізде де осылай жасауға мүмкіндік бар ма? Олжас Құдайбергеновтің пікірінше, бар. Ерте ме, кеш пе біз бұған келеміз. Алайда бізге қолданыстағы жүйені айтарлықтай трансформациялау қажет.

– «Самұрық-Қазына» мемлекеттік басқару жүйесінің қисықтығының салдарынан операцияларды жүзеге асыруда қауқарсыз болып қалды, – деп мәлімдеді экономист. – Шынымды айтсам, мұндай холдингтің қажеті жоқ  болатын. Бұл сол кездегі Үкіметтің талабы еді. Пікірталасқа қатысушылар атап өткендей, «Самұрық-Қазына» және оның еншілес компаниялары «Парламенттің бақылауындағы бюджеттен тыс қалтаға» айналды. Осының аясында қандай да бір мәселелер Үкіметтің шешімімен, депутаттардың қатысуынсыз реттеліп жүрді.

– Іс жүзінде холдингтің тағы бір функциясы – белгілі қазақстандық моделді жүзеге асыру арқылы пайда табу. Пайданы жекешелендіріп, шығынды мемлекетке жүктеп қою емес, – деп атап өтті Р. Ошақбаев.

Oshakbayev photo

Қазір «Самұрық-Қазынада» жаппай бұзушылықтар анықталып, жеке делдалдардың ұлттық компаниялардың үстінен пайда тауып отырғаны әшкереленді. Ең қарапайым есеп бойынша, шамамен 7-10 миллиард АҚШ доллары зым-зия болған. Бұл қаражатты Қазақстанның 19 миллион тұрғынына бөліп берсе, айтарлықтай қаржы болар еді.

Бұдан былай мемлекет делдалдардан іргесін аулақ салуға тырысады. Бұл үшін халыққа қаражатты үлестірудің экономика үшін жағымсыз салдарға соқтырмайтын механизмін ойлап табу қажет. Алғашқы қадам жасалды – ҚХП ұсынысы бойынша ҚР Конституциясына өзгеріс енгізілді. Өзгеріске сәйкес, Қазақстанның жері, жер қойнауы және байлығы мемлекетке емес, халыққа тиесілі болды.

Осы норманы іске асыру үшін Олжас Құдайбергенов мемлекеттік дивидендтерді бақылауды және оларды әлеуметтік қажеттілікке бағыттауды көздейтін өзіндік екі контурлы жүйе ұсынды.

OlzhasKudaybergenov

– Қарапайым теңге бар, тіпті қолма-қол ақшасыз болса да, цифрлық теңге де бар, – деп түсіндірді экономист. – Азамат цифрлық арнайы шот арқылы мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Ақша тек арнайы шоттан арнайы шотқа ауысады. Әрине тауарлар мен қызметтерді сатушы компанияда ерте ме, кеш пе ақшаны әдеттегі теңге режиміне қалай аударуға болады деген сұрақ туады. Дегенмен мұны да шешуге болады.

ҚХП кездесу барысында айтылған ұсыныстарды заң жобасына енгізуді көздеп отыр. Бұл үшін партия ұсыныстарды Үкіметтің қарауына жолдайды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS