Іс-шара барысында учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға тыйым салу туралы заң қалай сақталады, мектептер, дүкендер, жастар жиналатын басқа да орындар бойынша профилактикалық рейдтер жүргізіле ме деген сұрақтар күн тәртібіне қойылды.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Биғамбаевтың айтуынша, тек Атырау қаласы бойынша 102 пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарламамен күн сайын 30 қоңырау түседі. Жыл басында 16 жасөспірім қылмыс жасады (негізінен ұрлық және әкімшілік бұзушылықтар), кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 36 жасөспірім жеткізілді.
Жасөспірімдер арасында қылмысының өсуіне жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы мен мектеп жанындағы және мектептен тыс лагерьлердің жетіспеушілігі себеп болып отыр.
Полицейлер қалалық әкімдікке жасөспірімдер арасында спорт түрлері бойынша аулалық, аудандық турнир ұйымдастыру туралы ұсыныс жолдаған екен. Айлада шенеуніктер күні бүгінге дейін жауап бермеген көрінеді.
Сауда нүктелерінің кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға тыйым салуды сақтамау фактілері де алаңдаушылық туғызады. Салдарынан құқық бұзушылық саны өседі.
Атырау облыстық МКД бөлім басшысы А.Бақтияровтың айтуынша, жыл басынан бері тұрақты түрде рейд өткізіліп, лицензиясы жоқ ұсақ азық-түлік дүкендерінде алкоголь өнімдерін сату әрекеті әшкереленген.
– Біз заңсыздыққа ымырасыз күрес жариялай алмай отырмыз. Өйткені бизнесті тексеруге мораторий жарияланған», – деді ол.
ҚХП Атырау облыстық филиалының төрағасы Е.Дәулетқазиев мораторийді жоюдың уақыты келгенін атап өтті.
– Оқу орындарының жанында орналасқан дүкендерді, алкомаркеттер мен тамақтану орындарын тексеруді бастау қажет. Біз ҚХП парламенттік фракциясының депутаттарына ұсыныс әзірлеп, жолдаймыз. Мәселе оң шешімін табатынына сенеміз, – деді партия филиалының басшысы.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жасөспірімдерді жұмыспен қамтудың кешенді бағдарламасы қажет деген тоқтамға келді.
ҚХП баспасөз қызметі