fbpx

Стратегиялық нысандар мемлекеттің қарамағында болуы керек Дүйсенбі, 27 Маусым 2022 14:35

ҚХП Алматы облыстық филиалының белсенділері «Талдықорған акционерлік көліктік электр желілік компаниясы» АҚ релелік қорғау және автоматика қызметінің ұжымымен кездесті.

ҚР еңбек сіңірген энергетигі А.Исламов партия мүшелерін Қазақстан Халық партиясының 18 жылдығымен құттықтап, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту ісінде табыс тіледі.

– Бұл ұжыммен біздің партияны бірқатар идеологиялық құндылықтар байланыстырады. Олардың ішінде: еліміздің стратегиялық ресурстары, ұрпақ сабақтастығы, еңбек адамының мәртебесі, еңбекақы төлеудің әділ жүйесі, тарихи күндер мен айтулы оқиғаларды қастерлеу, – деді жиында ҚХП Алматы облыстық филиалының төрағасы С.Биғарова.

270622Almaty

Энергетиктер партия өкілдеріне еңбекақыларының төмен екені мен кадр тапшылығы өзекті болып тұрғанын мәлімдеді.

Энергетиктер мен партия белсенділері стратегиялық нысандар мемлекеттің қарамағында болуы керек деген пікірге келді. Себебі жекеменшік иелері артық шығын шығарғысы келмейді және еңбек адамын лайықты бағаламайды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS