fbpx

Азаматтар реформалардың жүзеге асуына мүдделі болуға тиіс Сейсенбі, 28 Маусым 2022 11:26

ҚХП елдің табиғи ресурстары мен ұлттық әл-ауқатынан түсетін кірістерді әділ бөлудің ықтимал тетіктері туралы өзінің YouTube-каналының тікелей эфирінде сарапшылармен сұхбат сериясын жалғастырып жатыр.

Бұл жолы экономист Әсет Наурызбаев пікір білдірді.

– Жақында Қазақстан Халық партиясы «Самұрық-Қазына» қорының 100% акциясын Қазақстан азаматтарының меншігіне беруді талап ететін петиция жариялады және халықты заң әзірлеуге қатысуды ұсынды, – деді тікелей эфир барысында ҚХП төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.

280622newsOshakbayev

Ол ҚХП Конституцияға «Жер, оның қойнауы және байлығы Қазақстан халқына тиесілі» деген түзету енгізуге бастамашы болғанын, ұсыныс қабылданып, Ата заңға өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

– Агенттің өкілеттіктері анықталатын келісім-шартты жасау заңды түрде дұрыс болып табылады. Бұл жағдайда халық мүлікті басқару құқығын Үкіметке береді. «Самұрық-Қазына» акцияларын тікелей қазақстандықтарға беру идеясы елде табыс табу мүмкіндігін арттырады, – деп атап өтті А.Наурызбаев.

Р.Ошақбаевтың халықтық акционерлендіру тетігі қандай болуы мүмкін деген сұрағына экономист деректі дәйек келтірді.

– «Самұрық-Қазына» акцияларын корпоративтік басқару техникалық жағынан кастодиан-банктер арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Кастодиандық қызмет акционерлерге қызмет көрсетуді білдіреді. Яғнисіздің акцияңызды орналастыру үшін шот ашылады. Акционерлер Бақылау кеңесін немесе Директорлар кеңесін таңдап, жылына бір рет өз шоттарына дивиденд алуы қажет, – деп түсіндірді А.Наурызбаев.

280622newsSpiker

Сарапшының айтуынша, еншілес компаниялардың қызметін бақылау үшін тәуелсіз аудиторлар (жалданған кәсіби компаниялар) және түрлі салалардағы сарапшылардан тұратын комитеттер түрінде қосымша қолдау құралдары болуы керек.

– Сіздің ойыңызша ішкі және сыртқы саяси жағдайды ескере отырып, осы бастаманы іс жүзінде іске асыруға көшу үшін қандай қадам жасаған жөн? – деп сұрады спикерден Р. Ошақбаев.

А.Наурызбаев саяси жұмыс қажет екенін алға тартып, партиялар мен азаматтық бастама иелері идеяны қолдап, қоғамдық қысымды күшейтуі керек екенін айтты.

– Біз Президенттің реформаларды жүзеге асыруға деген құлшынысын көріп отырмыз. Бірақ қоғам бюрократиядан толық арылмаған. Сондықтан рформаның тірегі азаматтардың өздері болуға тиіс, – деді экономист.

Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көруге болады:  https://youtu.be/H_tUkTKYApE_

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS