fbpx

Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сейсенбі, 28 Маусым 2022 13:02

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке түрлі мамандық иелерін – журналистерді, редакторларды, баспагерлерді, операторларды, фотографтарды, режиссерлер мен баспа өнімдерін таратушыларды біріктіреді. Себебі олар күнделікті қызмет барысында азаматтардың негізгі құқықтарының бірі – сөз бостандығы құқығын қамтамасыз етеді.

Баспасөзде жарияланған жазба ерекше маңызға ие. Ол қоғамға айтарлықтай әсер етті. Біз журналистерге ақжолтай ақпарат пен жағымды жаңалық, сүйінші хабар мен сенсациялар және өзекті мәселелер үшін қарыздармыз.

Біз сіздерге азаматтық қоғамның мүддесін білдіруші және қорғаушы ретіндегі ұстанымдарыңыз, салмақты да, дәлелді сөздеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби салада табыс тілейміз! Шындық үшін шырылдап, жаңа жобаларды жүзеге сәтті асыруға талпына беріңіздер. Шығармашылық шабыттарыңыз тасып, бағындырар белестеріңіз биік болсын. Шабыт пен шығармашылықтың шыңына шығыңыздар!

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS