fbpx

АртСпорт жұмыс істеуі керек Сәрсенбі, 29 Маусым 2022 18:38

Қазақстан Халық партиясы мен AMANAT партиясының депутаттары балалар үйірмелерін жан басына қаржыландыру мәселесі бойынша бірлескен депутаттық сауал жасады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сессиясында депутат Константин Авершин Қазақстан Халық партиясы мен AMANAT партиясының  атынан үкімет атына бірлескен депутаттық сауал жолдады.

Сауал мемлекеттік және мәдени тапсырыстарды мемлекет тарапынан жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мәселесіне қатысты. Оның ішінде, «АртСпорт» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы органдар мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан кедергі келтіру. Сауалға Қазақстан Халық партиясының депутаттары Ирина Смирнова мен Магеррам Магерррамов қол қойды.

Партия өкілдері бағдарлама операторлары мен шенеуніктердің жұмысына алаңдаушылық білдіруде.

Қазақстан халық партиясы бүкіл ел бойынша балалардың тегін спорттық және шығармашылық үйірмелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету проблемасын шешуге келешекте де ат салысатын болады.

DepZaprosArtSport 3 DepZaprosArtSport 3 DepZaprosArtSport 3

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS