fbpx

Адвокаттың құқығын қалай қорғаймыз? Сәрсенбі, 29 Маусым 2022 18:53

Қазақстан Халық партиясы адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметін құқықтық реттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға партия басшылығы, мемлекеттік органдар мен заң қоғамдастығының өкілдері: адвокаттар мен заң кеңесшілері қатысты.

ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев болжанып отырған құқықтық және сот реформасы маңызды кадрлық өзгерістерді талап ететінін атап өтті.

– Бәлкім, заңгерлерді даярлау мен қайта даярлаудың арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет шығар, – деп мәлімдеді ҚХП төрағасы. – Ең дұрысы, жалпыға ортақ заңды мектепте меңгеріп, колледждер мен жоғары оқу орындарында жалғастыру керек деп санаймын. Бұл азаматтарға құқықтық білім негізін үйренуге  және тұтастай алғанда еліміздегі құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын.

290622news 1

Өздеріңіз білетіндей, жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерді қолдады. Қазір елде конституциялық реформаны жүзеге асыру үдерісі жүріп жатыр. Алайда жүйені, оның ішінде құқық қорғау және сот салаларын трансформациялау  үшін құқықтық сүйемелдеу қажет. Осыған байланысты адвокатура мен заң кеңесшілерінің рөлін арттыру аса маңызды талап саналады.

Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев «2022-2025 жылдарға арналған қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасында» өзекті мәселелер көрініс тапқанын және оларды шешу жолдары ұсынылғанын мәлімдеді. Мұнда адвокаттарды заңсыз тінту мен  олардан аудио-видеотехниканы алып қоюдан бастап, жеке қауіпсіздік кепілдігінің болмауына дейінгі аралықта көптеген мәселе бар. Жалпы, алғанда жағдай өте нашар.

– Заңнама адвокаттарға құқықтық мәртебе береді, бірақ іс жүзінде нормалардың бір бөлігі нақты құқықтық механизммен бекітілмеген, – деді төрағаның орынбасары. – Ал кейбіреулері мүлдем еленбейді.

Заң кеңесшілерінің өз қиындықтары болса да, халдері әлдеқайда жақсырақ. «Қазақстан заң-кеңес» заң кеңесшілері Палаталары қауымдастығы кеңесінің төрағасы, «Юстус» палатасының мүшесі Фарид Әлиев мұны пікір плюрализмімен және қоғамдастықтың тәуелсіздігімен түсіндіреді.

– Адвокатурамен салыстырғанда біз жас институтпыз, – деп атап өтті Ф.Әлиев. – Бірақ бізде монополиялық құрылым болмағандықтан, белгілі бір жетістікке қол жеткіздік. Бізде қатаң билік болған жоқ. Менім ойымша, дәл осы модель заңды қауымдастықты дамыту үшін ең тиімді болып табылады.

Адвокат Рашид Евниев адвокатураның тәуелсіздігіне кепілдік беру мәселесін көтерді. Олардың үш түрі бар: кәсіби, процедуралық және қауіпсіздікке қатысты. Өкінішке қарай, заңда көрсетілген кепілдіктерді орындау үшін мемлекет қабылдауға тиіс нақты іс-әрекеттер көрсетілмеген. Бірақ адвокаттың жауапкершілігін мемлекеттік органдар үнемі талқылап отырады.

–  Қазіргі уақытта адвокаттардың тәуелсіздігі оларға қол сұғылмаушылықтың кепілі болып саналмайды , – деп атап өтті Р.Евниев. – Адвокаттарды заң көмегін көрсететін тұлғамен сәйкестендіру тәжірибесін тоқтату қажет.    

290622news 5

Іс-шараны қорытындылай келе, Ермұхамет Ертісбаев мемлекет пен қоғам заңды шайқас барысында тараптардың нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін келісімге келуге тиіс деген байлам жасады.

– Егер, адвокаттардың өздері қорғалмаған болса, олар ешқашан азаматтардың құқықтарын қорғай алмайды, – деп санайды ол.

Талқылау қорытындысында дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық ұсыныстары мен ұсынымдары адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметі жөніндегі бастамашыл заң жобасына енгізу үшін назарға алынатыны жария болды.

Дөңгелек үстелдің бейне-таратылымымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://youtu.be/uDTbnzSWEDA.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS