fbpx

Мүгедектігі бар адамдардың ата-аналары мен қамқоршылары жалақы алуы керек Бейсенбі, 30 Маусым 2022 09:32

ҚХП Қызылорда облыстық филиалы өткізген қоғамдық пікірталаста мүгедектігі бар балалар мен ересектердің ата-аналары мен қамқоршыларына жалақы тағайынддау мәселесі талқыланды.

Іс-шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, сондай-ақ «Pro bono» және «Тең қоғам» қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

– Біздің елде мүгедектігі бар адамдар халықтың ең осал санаты саналады, – деп атап өтті талқылау барысында ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы М.Смайлов. – Олардың көпшілігінде білім алу, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ. Мүгедектігі бар адамдардың, олардың ата-аналары мен қамқоршыларының жағдайы мәз емес. Ерекше қажеттілікті талап ететін адамдарға үнемі күтім қажет. Сондықтан оларға қарайтын азаматтар ресми жұмыс істей алмайды. Сәйкесінше оларда зейнетақы аударымы болмайды. Олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінен тыс қалады.

ҚХП мұны Конституция кепілдік берген нормаларды сақтамау және әлеуметтік әділетсіздік деп санайды. Партияның ұстанымынша, ауыр сырқаты бар балалар мен ересектердің ата-аналары мен қамқоршыларына  жалақы тағайындау қажет.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS