fbpx

Қазақстандықтар үшін зейнет жасын төмендету Қазақстан халық партиясының басты мақсаты болып қала береді Бейсенбі, 30 Маусым 2022 15:40

Бүгін Мәжіліс пен Сенат депутаттарының бірлескен отырысында Қазақстан Парламентінің VII шақырылымының екінші сессиясының аяқталғаны туралы жарияланды. Депутаттардың жазғы демалысы басталды.

Сессияның жабылуында Парламенттің жоғары және төменгі палаталары депутаттарының заң шығару қызметінің қорытындылары шығарылды. «Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясы да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

«ҚХП» депутаттарының түрлі деңгейде, соның ішінде Парламентте қатардағы азаматтардың әлеуметтік мүдделерін қорғауы партия ішінде кезең-кезеңімен болған трансформация жағдайында да тоқтаған жоқ.

Депутаттық сауалдар, Үкімет мүшелеріне қойылған сұрақтар, дөңгелек үстелдерге қатысу, қазақстандықтармен кездесулер, өзекті мәселелері бар өңірлерге бару және басқа да оқиғалар бірінен соң бірі алмасып отырды.

Қазақстан Халық партиясының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – қазақстандықтар үшін зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету. ҚХП басшылығы мен депутаттары осы тақырыпқа Қазақстан Үкіметіне депутаттық сауалдар сериясын жолдап, арнайы брифингтер мен stream арнады.

Тек маусым айында ғана «Халық Сарапшысы» пікірталас жобасы аясында зейнет жасын төмендету мәселесі кезекті рет талқыланды.

«TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы директорының орынбасары, ҚХП төрағасының кеңесшісі Асқар Қысықов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты таныстырылым жасады. Бүгінде бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді және 2027 жылға қарай ол жоғары деңгейге – 63 жасқа дейін жетуге тиіс. Зерттеуде Қазақстандық зейнеткерлер Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстандағы әйелдермен салыстырғанда нашар жағдайда екені атап өтілді.

 – Қазақстандықтар зейнетке 60-63 жаста шығатындай ұзақ өмір сүрмейді, – деді басқосуда ҚХП атынан Мәжіліске сайланған депутат Ирина Смирнова. – Біз бұл жасқа жетпейміз. Біздің бай мемлекетіміз өз азаматтарын құрметті демалысқа жіберу мүмкіндігін табуға тиіс, – деді ҚХП парламенттік фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Қазақстан Халық партиясы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қазақстандықтар үшін де зейнет жасын қайта қарауды ұсынды. «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты Магеррам Магеррамов ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс жасады.

ҚХП мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-ана үшін жалақыны есептей отырып, ерекше қажеттілігі бар баланың жұмыс істейтін қамқоршысы мәртебесін белгілеу қажет деп санайды. Нәтижесінде азаматтардың бұл санаты ресми түрде жұмысқа орналасады және өзінің қарттығын қамтамасыз ету үшін зейнетақы жарнасын аудару мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан Халық партиясы және оның депутаттық фракциясы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қоса алғанда, қатардағы қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауды жақсарту үшін ұсынымдар пакетін әзірледі.

ҚХП өкілдері зейнет  жасын төмендетуге қол жеткізу мақсатында Үкіметпен диалогты жалғастыруға ниетті.

Қазақстан Халық партиясы бұл мәселе Үкіметтің «ұзын арқан, кең тұсауына» шыдамайтынына сенімді. Қазақстандықтар өздері және жақындары үшін өмір сүру үшін зейнетке ерте мерзімде шығу құқығына ие.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS