fbpx

Хайвил» ТК тұрғындары мектеп құрылысын талап етуде Бейсенбі, 28 Шілде 2022 19:48

Астаналықтар өз талаптарын сотқа дейін қорғауға дайын

Қазақстан Халық партиясында Нұр-Сұлтан қаласындағы нүктелі құрылыстарға қатысты проблемалық жағдайды талқылау жалғасуда. Бүгін ҚХП-ның YouTube-каналындағы LIVE-эфирге «Хайвил» ТК тұрғындары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен урбанистер қатысты. Модератор ҚХП төрағасының кеңесшісі Данияр Сабырбаев болды.

Тұрғындар «Хайвилден» пәтер сатып алған кезде оларға 320 орындық балабақша мен 1200 оқушыға арналған мектеп салуға уәде берілгенін айтты.

«Мектеп салынған жоқ, құрылыс салушы бұл жерде 20 қабатты 140 пәтерлі бес блокты ТК салуға әрекеттеніп жатыр. Сонымен қатар компания барлық кварталдың жаяу жүргіншілер бөлігіне автокөлік жолын салуға ниетті. Мектеп тағы да салынбай қалады», - деді ТК тұрғыны Лаура Ералина.

Сондай-ақ  тұрғындар нақты жоспарлау жобасы төрт рет өзгергенін атап өтті. Биыл мектеп құрылысы жобасы НЖЖ-на қайта енгізілді, бірақ Лаура Ералинаның айтуынша, енді құрылыс салушы әкімдікті сотқа берді, себебі ол оқу орнының орнына тұрғын үй салмақшы. Лаура Ералина атап өткендей, «Хайвил» тұрғындары да мектеп құрылысына қол жеткізу үшін әкімдікке талап арыз берген.

Бұл текетірес үш жылға созылып жатыр.

Талқылау барысында қала тұрғындары «Атамекен» ҰКП-ның ұстанымына наразы болды. Себебі олар қоғамдық мүддені емес, құрылыс салушының мүддесін қорғап отыр. «Атамекен» ҰКП мектеп құрылысына қарсы шығып, тұрғын үй кешенінің құрылысын жақтады. Төрағаның кеңесшісі Данияр Сабырбаев «Атамекенге» «қоғамдық мүдде әрқашан жеке мүддеден жоғары болуы тиіс»  екенін ұмытпауды ұсынып, қоғам мен кәсіпкерлер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету қағидаты ҰКП Жарғысында жазылғанын еске салды.

Сонымен қатар елордадағы мектептер мен балабақшалардың тапшылығы жағдайында олардың құрылысына басымдық берілуі керек.

«Бізде мемлекеттік органдарға ешқандай сенім жоқ. Түрлі органдарға 250-ден астам хаттар мен өтініштер жолданды. Бұл - футбол, бұл - бас тарту, бұл - формализм. Біз олардың заңдарды және азаматтардың мүдделерін қорғауға деген қызығушылығын көрмейміз, олардың құрылыс салушылардан, қателіктерді мойындаудан және оларды түзетуден тайсалуын көреміз», - деп атап өтті Лаура Ералина.

Бастамашыл топтың есептеуінше, қазір Хайвилл ТК-дегі 3312 пәтерде бала тәрбиелеп отырған  11500-ге жуық отбасы тұрады. Шамамен, қазір бұл тұрғын үй кешенінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы  5000 бала бар. Өз мақсатына жету үшін «хайвильдіктер» басқа бастамашыл топтармен бірікті. Олар әлі де шенеуніктер өздерінің талаптарын тыңдайды деп үміттенеді.

Қорытындылай келе, ҚХП төрағасының  кеңесшісі Данияр Сабырбаев жағдайды «парадоксалды» деп атады.

Мектеп салынуы керек, оның үстіне Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады.

«Біз мектеп құрылысы Бас жоспарда көрініс табады деп үміттенеміз. Біз күресеміз, мектептер мен балабақшаларды қайтарамыз», - деді ҚХП төрағасының кеңесшісі.

Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығы әлеуметтік нысандар құрылысы саласындағы бақылау функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға шақырды. Тұрғындардың талаптарын елемеу мектептер мен балабақшалардың, саябақтардың, скверлердің, балалар алаңдарының тапшылығына ғана емес, қалалық наразылықтың жаңа нүктелерінің пайда болуына әкеледі.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS