fbpx

Дұрыс емес тұрақ: сарапшылар елордадағы проблемаларды болжады Жұма, 29 Шілде 2022 19:50

Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалы паркинг-жағдайды талқылау үшін мамандарды жинады 

ҚХП Астана қалалық филиалының басшысы Нұрдәулет Оразхановтың айтуынша, елорданың барлық аудандарында көлік қоятын орын тапшы.

– Адамдар мен автокөліктердің үлкен ағымы елорданың іскерлік және әкімшілік бөлігінде шоғырланған, – деп атап өтті ол. – Бұл үлкен кептеліс тудырады, инфрақұрылым жүктемесін күшейтеді.

Мәселені шешу үшін биыл елордада ақылы автотұрақ жобасы қайта енгізілді. Инфрақұрылымды жеңілдетудің орнына қала тұрғындары тұрақ пен айыппұл төлем жүйесінің істен шығуынан  бастап меншік иесі бар аумақтарды заңсыз басып алуға дейінгі қосымша проблемаға тап болды. 

«Spina Bifida» ҚБ басшысы Арайлым Құмаржанованың айтуынша, жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін «Инватакси» қызметі үшін жеңілдік қарастырмайды. «Qaz Property» Басқарушылар және Сервистік компаниялар Қауымдастығының өкілі Мақсат Қопабаев қызметкерлер мен келушілерге арналған тұрақ орындарын бөгде ұйымның басқармасына беру барысында ҚНжЕ өрескел бұзылғанын атап өтті.

– Халықтың пікірімен санасып, олардың құқықтарына қысым жасамау керек, – деп мәлімдеді «Менің үйім» өзін-өзі басқаратын кондоминиумдар тұрғындары Қауымдастығы»  ЗТБ басшысы Талғат Татиков. – Сондай-ақ ақылы тұрақ орындарына бөлінген учаскелерге тексеру жүргізу қажет.

Ақылы тұраққа қарсы петицияның авторы, қоғам белсендісі Ернар Ерғалиев мәселені кешенді түрде шешіп, жаңа тұрақ кеңістігін құруды ұсынды. 

– Ақылы тұрақ  бұл – сіз бен біздің арқамызда ақша табудың тағы бір тәсілі, – деді ол. – Трафик мәселесін қосымша тұрақ орындарын салу және ауқымды нүктелі құрылыстарды тоқтату арқылы шешу керек.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға ұсыныс жасалды. Партиялықтар депутаттық сауал дайындап, мемлекеттік органдарға жолдайтын болды.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS