fbpx

Ермұхамет Ертісбаев Медведевтің аккаунтындағы жанжалды постқа баға берді Сәрсенбі, 03 Тамыз 2022 13:10

Ресейдің "Дождь" YouTube арнасының журналистері пікір бөлісуді сұрады.

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің аккаунтындағы жанжалды постқа түсініктеме берді. Естеріңізге салайық, Дмитрий Медведевтің атынан жарияланған материалда Қазақстанды "жасанды мемлекет" деп атаған болатын. Кейін Медведевтің көмекшісі аккаунттың бұзылғаны туралы хабарлады.

"...Мен Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы туралы бірнеше рет айтқан болатынмын, бізде екіжақты жақсы қарым-қатынас бар. Қазақстан Президентінің соңғы сапары кезінде Владимир Путин екі елдің қарым-қатынасы үлгілі десе, біздің Президент Ресейдің құдайы көрші екенін атап өтті. Мен саясаттанушы, сарапшы ретінде Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне ешқандай негіз жоқ деп санаймын. Мен Дмитрий Медведевтің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары ретінде жеке өзі Қазақстан туралы жасанды мемлекет деп жазды дегенге сенбеймін. Қазақстан Ресейдің ең сенімді одақтасы әрі сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын, Ресеймен әскери-саяси одақта тұрғанын түсініңіз. Сондықтан Ресейде қауіптенуге немесе Қазақстанды жаулап алуға ешқандай геосаяси  себеп жоқ. Мен бұған сенбеймін", - деді Ермұхамет Ертісбаев.

Толық бейнематериалды мына жерден қараңыз.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS