fbpx

"Ерменсай" бойынша сұрақтар шешілмей, 6000 үй шаруашылығы зардап шегуде Бейсенбі, 04 Тамыз 2022 23:04

Тұрғындар монополист тарифтерінің өсуіне ғана емес, қызмет көрсету сапасына да шағымданып отыр

Бүгін Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалында "Халық Сарапшысы" пікірталас клубы форматында Алматы қаласының "Ерменсай" шағын ауданындағы жағдай талқылады. Талқылауға ҚХП Алматы филиалының өкілдері ғана емес, сондай-ақ жұртшылық, аудандық мемлекеттік орган өкілдері, шағын аудан тұрғындары қатысты.

2014 жылы бұл аудан мегаполис аумағына қосылды, сол уақыттан бері тұрғындар мемлекеттік органдарға, соның ішінде аудан мен қала әкімдігіне шағым жазып келеді. Шағын аудан тұрғындары қызмет сапасына және электр энергиясын, су мен кәріз жүйесін жалғыз жеткізуші – "Орхан" ЖШС-ның негізсіз жоғары тарифтеріне  шағымданады. Бүгінгі талқылау тұрғындар бұрынғыдай өз проблемаларымен қалып отырғанын көрсетті. Алматы аумағындағы бұл          "ыстық" нүктеде шенеуніктердің енжарлығынан жайсыздық пен үмітсіздік сезінетін 6000-ға жуық үй шаруашылығы бар. 

Талқылау қорытындысы бойынша ҚХП Алматы филиалының мүшелері мемлекеттік органдардың келісілмеген іс-қимыл белгілерінің болуына байланысты қадағалау органдарына депутаттық сауал жолдау ниеті туралы хабарлады. Сонымен қатар партиялықтар қадағалау органдарына "Ерменсай" тұрғындарының проблемаларын шешу бойынша мемлекеттік органдардың әрекеті мен әрекетсіздігіне баға беруді сұрады. 

Айта кетейік, "Ерменсайдағы"  жағдай ірі қалаларда байқалатын нүктелі құрылыстардағы қиғаштықтарға арналған төртінші дөңгелек үстел болды. YouTube-арнада көрсетілген алғашқы үш онлайн-эфирде Қазақстан астанасы тұрғындарының шағымдары қаралды. 

Қазақстан Халық партиясы төрағасының кеңесшісі Азиза Шөжеева бұл тақырып жаңа талқылаулар үшін тұрақты болып қала беретінін атап өтті. "Ерменсай" шағын ауданындағы жағдай туралы айта келе, Азиза Шөжеева бұл тақырып өзектілігін және өткірлігін сақтап отырғанын айтты. Сондықтан ҚХП мемлекеттік органдар алматылықтардың мәселесін толық шешкенге дейін диалогты жалғастыра береді.

а емес, сондай-ақ жұртшылық, аудандық мемлекеттік орган өкілдері, шағын аудан тұрғындары қатысты.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS