fbpx

ҚХП мәслихат депутаттары: «Білім барлығына қолжетімді болуы тиіс!» Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2022 11:22

Қазақстан Халық партиясы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының
депутаттары Нұрдәулет Оразханов пен Арайлым Құмаржанова «Ана құшағы» қоғамдық қорының жетекшісі Алтынай Жолдабековамен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің өзекті мәселелерін талқылау болды.
«Ана құшағы» ҚҚ басшысы Алтынай Жолдабекова коррекциялық мектептер мен колледждерде кәсіби кадрлардың жетіспейтіндігін атап өтті, сондай-ақ мүгедектігі бар кәмелетке толған адамдарды жұмысқа орналастыруда мәселе бар екенін мәлімдеді.
– Қосымша арнайы жұмыс орындарын құру қажет, – деп есептейді ол, – мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық бағдары болуы тиіс. Мұндай адамдарға қолдау қажет.
Арайлым Құмаржанова атап өткендей, бала жазылмайтын патологиямен туған кезде, оның өмір сүруі үшін күресіп жүрген туыстарына күндердің бір күнінде оның колледжге немесе университетке оқуға баруын елестету қиын.
– Бала өседі, – деді депутат. – Ол және оның отбасы туа біткен патологиямен өмір сүруді, әлеуметтенуді және талантын жүзеге асыруды үйренеді. Қоғамның қамқорлығы ¬– балаға осындай мүмкіндік беру!
Мүмкіндігі шектеулі мектеп түлектерінің оқуға мүмкіндігі бар, деп қорытындылады кездесуді қатысушылар. Мемлекеттің міндеті ерекше студенттерді толыққанды оқытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды (соның ішінде сәулеттік) алып тастау болып табылады. Тараптар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін білім қаншалықты қолжетімді екенін анықтау мақсатында оқу орындарына мониторинг жүргізуге келісті.
Тексеру қорытындысы бойынша осы санаттағы балалар мен жасөспірімдердің проблемаларын шешу мақсатында ауқымды дөңгелек үстел және бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланды.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS