fbpx

Үй салынды, газ тартылған жоқ Жұма, 09 Қыркүйек 2022 11:36

 Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық филиалының белсенділері Абай даңғылы (Тараз) бойындағы 12 қабатты тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Адамдар үйдің инфрақұрылымы мен энергиямен қамтамасыз ету мәселесіне шағымданды.

Тұрғындар үй құрылысы кезінде табиғи газ желісі тартылмағанын хабарлады. Қазір олар электр плиталары мен газ баллондарды пайдалануға мәжбүр. Бұл көпқабатты үйлер үшін өте қауіпті. (Үйдегі өрт гидранттары да мүшкіл жағдайда.) Екі жеделсатының біреуі ғана жұмыс істейді және оған дер кезінде қызмет көрсетілмейді.
– Бізде көше жарығы жоқ, – деп шағымданды тұрғындар. – Сондықтан ұрлық көп. Үйге бейнебақылау орнату қажет.
Аула аумағын абаттандыруға да назар аудару керек. Қоқыс контейнерлері жетіспейді, аулада орындық жоқ, ал бетон гүлзарлар жүруге кедергі келтіреді.
– Өткен жылы орнатылған балалар ойын алаңының сапасы сын көтермейді, – деп атап өтті тұрғындар. – Ойын алаңының алқам-салқамы шықты, әткеншектер сынды.
Кездесу қорытындысында ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаттары мәселенің мән-жайын анықтау үшін қалалық әкімдікке сауал жолдайтын болды.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS