fbpx

Дизель отыны нарығы: резерв тапшылыққа айналуда Сәрсенбі, 14 Қыркүйек 2022 17:16

Қазақстан Халық партиясы елдегі дизель отыны нарығында қалыптасқан оғаш жағдайдың мән-жайын анықтамақшы.

Шенеуніктердің батыл есептеріне қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін отандық өндірушілер үнемі осы өнімнің тапшылығына тап болады. Аграрлық маусымда жетіспейтін отынды Ресейден сатып алуға тура келеді.
Мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров Энергетика министрлігінің дизель отынының күзгі тапшылығын болдырмау үшін мұнай өнімдерінің резервін құру туралы уәдесін еске салды. Шамамен 150 мың тонна сақтау жоспарланған, оның 50 мыңы дизель отыны болуы керек.
– Үкіметтің барлық күш-жігеріне қарамастан, дизель отынын жеткізудегі іркіліс жазда басталды, ¬– деп атап өтті ҚХП депутаты. – Бағаның өсуі байқалды, түрлі шектеулер енгізіле бастады.
Энергетика министрлігі Ресейден дизель импорты қажет екенін
Мәлімдеп отыр. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК тиісті келісімшартқа қол қойды, жеткізілетін екі партияның көлемі 100 мың тоннаға дейін жетеді.
– Үкімет кезекті рет дизель отыны нарығын жоспарлау мен тұрақтандыру кезінде тиімділіктің жеткіліксіздігін көрсетті, – деді А. Қоңыров.
Алайда бірқатар сұрақтар әлі де түсініксіз. Атап айтқанда, уәде етілген резервтер құрылды ма, құрылса қай аймақтарда? Қазақстан ресейлік дизельді қандай шарттармен және кімнің есебінен сатып алады? Сатып алу бастапқыда бір көзден жүзеге асырыла ма, әлде бірнеше балама жеткізушілер қарастырылды ма? Импортталатын көлемдер қалай және қандай принцип бойынша бөлінеді?
– Сатып алынатын импорттық дизель отыны қандай қазақстандық тұтынушыларға арналған? – деп сұрады мәжілісмен. – Елімізде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгіленген жағдайда өнім қазақстандық тұтынушыларға қандай бағамен сатылады?
Баға мәселесі өте маңызды. Ресейлік импорттық отынның тоннасы қазақстандық отынның құнынан шамамен 200-300 мың теңгеге қымбат, демек Қазақстан оны өзіне залал ретінде сатып алады.
– Ресей мұнай өнімдерінің ірі партиясын импорттауға байланысты Қазақстан үшін санкциялық және халықаралық бедел салдары ескерілді ме? Бұл Батыс санкциясындағы Ресей Федерациясының мұнай секторын қолдау болып бағаланбай ма? – деді А.Қоңыров.
ҚХП депутаттарының сауалы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолданды.

Рынок дизтоплива: резерв превращается в дефицит

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS