fbpx

Тарт қолыңды, Талдыкөлден! Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2022 10:49

Қазақстан Халық партиясы Бас прокуратурадан Кіші Талдыкөл көлдерінің тобын жойылудан қорғауды сұрады. Қазір бұл жерде қарқынды құрылыс жүріп, көл құрғатылып, қала экологиясына залал келтіріліп жатыр. Осының барлығы соттың Талдыкөл учаскелерінде құрылыс жүргізу заңсыз деп танығанына қарамастан жүзеге асырылуда.

Бір кездері елорда әкімдігі барлық нормаларға қайшы екенінен қарамастан, су қорының жерлерін тұрғын үй құрылысына пайдалану үшін елдімекен жері санатына ауыстырды. ҚХП депутаты Александр Милютин мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешіміне сәйкес, осы учаскелерді бөлуге негіз болған әкімдіктің құқықтық актісінің күші жойылғанын еске салды.

– Заңсыз бөлінген жер учаскелерін игеру жұмысы жалғасып жатыр, – еп атап өтті мәжілісмен. – Бұған әкімдіктің аталған жер учаскелерін нақты тұлғаларға беру жөніндегі құқықтық актілері күшінің жойылмағаны себеп болып отыр деп есептейміз.

А. Милютиннің айтуынша, әкімдіктің әрекетсіздігіне Кіші Талдыкөл көлдер тобында № 6, 7 және 9 көлдер учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне берілген 3 айлық мерзімнің 2022 жылғы 2 қарашада аяқталатыны негіз болып отыр.
Құрылыс салушы осы мүмкіндікті пайдаланып, Жер кодексін бұза отыры,
жұмысын ерекше қарқынмен жүргізуде.

Қазақстан Халық партиясы Бас прокуратураға қадағалау тәртібінде қала әкімдігінің құқықтық актілеріне наразылық білдіру және олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінді.

– Өйткені оларды жүзеге асыру жер учаскелерінің иелерін артық және негізсіз шығынға әкеп соғады және Астанамыздың экологиялық қауіпсіздігін бұзады, ¬¬– деп түйді ойын ҚХП депутаты.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS