fbpx

Қант диабетімен ауыратындардың барлығына «мүгедек» мәртебесі тағайындалуы тиіс Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2022 11:03

Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар адамдарға лайықты әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетілуі тиіс деп санайды.

Жақында ҚХП парламенттік фракциясы мүгедектігі бар адамдар үшін стоматологиялық қызмет көрсету стандартын кеңейту мәселесін көтерді. Өкінішке қарай, Үкіметтен нақты жауап болмады.

– Бұл бағытта ешқандай ілгерілеушілік жоқ, – деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. – Мүгедек балалардың ата-аналары қауіпсіз наркоздың жоқтығына шағымдануды жалғастыруда, онсыз балаларға ем жүргізу мүмкін емес.

Партия сондай-ақ азаматтардың осы санаты үшін фторлауды және тісті кәсіби тазартуды, брекеттер мен жарық пломбаларын орнатуды, сонымен қатар талдау алу бойынша тегін қызметтерді регламентке қосуды ұсынды.

Бұған қоса М. Магеррамов қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу ережесін реттеу қажеттігін атап өтті. 2020 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа бұйрығы бойынша 1 типті қант диабетімен ауыратын ҚР азаматтарына кәмелетке толған кезде «Мүгедек» мәртебесін тағайындаудан бас тарту жағдайы жиілеп кетті. Бұл жағдай құжатта мүгедектікті белгілеу шарты атүсті жазылғандықтан орын алды. Бұл – алалау.

– 1 типті қант диабеті емделмейтін созылмалы ауру,– деді М.Магеррамов.
– Осы диагнозбен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік қорғау шарасы ауадай
қажет. Осы диагнозы бар ересектер аурудың ерекшелігіне байланысты мамандық пен жұмыс орнын таңдауда шектеледі. «Мүгедек адам» әлеуметтік мәртебесінен айыру азаматты өмірге қажетті көптеген әлеуметтік жеңілдіктен автоматты түрде айырады.

Қазақстан Халық партиясы Үкіметке медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің қолданыстағы ережесін өзгертуді, мүгедек адамдарды артық бюрократия мен әуре-сарсаңнан арылтуды және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуді ұсынады.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS