fbpx

Әскери ардагерлерге баспана бұйырмай тұр Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 08:34

Отан алдындағы борышын өтеген Қазақстанның әскери зейнеткерлері түксіз қалып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекет оларға қаһармандыққа толы қызметі үшін алғыс айтуға асығар емес.

Салдарынан зейнетке шыққаннан кейін әскери қызметкерлер мәртебесі бойынша өздеріне тиесілі тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүр.

Қазақстан Халық партиясы осы мәселеге байланысты онлайн-конференция өткізді. Оған зардап шеккен зейнеткерлер, ҚХП атынан сайланған Мәжіліс және мәслихат депутаттары, сондай-ақ түрлі партия филиалдарының өкілдері қатысты.

Партияның қоғамдық қабылдауына Талдықорған гарнизонының әскери қызметшілері жүгінген болатын. Олардың көпшілігі әскери қызметке 10 жылдан астам уақытын арнаған. Кейін өздеріне тиесілі ешқандай тұрғын үй жеңілдігі жоқ екенін естіп таң қалған.

– Олар бірнеше жыл бойы өз құқықтары үшін күресуде. Зейнеткерлер қолға қару асынып, әскери қызметті атқару Қорғаныс министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдарға олардың құқықтарына қысым жасау фактілерін дәлелдеуден әлдеқайда жеңіл болғанын мойындап отыр, – деді ҚХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Биғарова.

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов атап өткендей, бұл мәселе еліміздің барлық өңірі үшін өзекті. Депутат қазір Мәжілісте ҚР заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша түзетулер туралы заң жобасы қаралып жатқанын атап өтті. Яғни, жағдайды түзетудің заңнамалық мүмкіндігі бар.

– Заң жобасы көптеген жаңашылдықтарды қарастырады. Алайда оларды енгізбес бұрын жинақталған проблемаларды шешу керек, – деді депутат.

Е.Смайлов мен оның фракциядағы әріптестері бұл ұстанымды заң жобасын әзірлеушілерге жеткізуге ниетті.

Тағы бір өзекті мәселе – ТЖМ-нің бұрынғы қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов көтерді.

– Олар әскери зейнеткерлердің басындағы күйді кешіп отыр. Біреу жасына байланысты, біреу денсаулығына байланысты зейнетке шықты. Бірақ бұл үшін олардың барлығында баспана да, өтемақы да берілген жоқ, – деді Мәжіліс депутаты.

220221 Veterany 1220221 Veterany 2
Жағдай ведомствоның трансформациялануымен, оның ІІМ-ге берілуімен және жеке құрылым түрінде қайта құрылуымен күрделене түседі. Салдарынан Төтенше жағдайлар министрлігінде Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне қарағанда, тіпті жеке тұрғын үй қоры да жоқ.

– Бұл адамдар үнемі алғы шепте жүреді. Қызмет барысында денсаулығын зақымдайды. Салалық министрліктің міндеті – өз ардагерлерінің проблемасын шешумен айналысу, – деп нақтылады Ғазиз Құлахметов.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS