fbpx

Айқын Қоңыров: «Жерге құрметпен және қамқорлықпен қарауға тиіспіз» Сәрсенбі, 07 Сәуір 2021 15:30

Қазақстан Халық партиясы жер заңнамасына енгізілетін түзетулер үшін дауыс беретінін жариялады.

Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, қазақстандық компаниялар мен шетелдік қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға және қандастарға беруге толық тыйым салуды көздейтін заң жобасын қабылдады.

Құжатқа сәйкес, шетелдіктер мен бірлескен компаниялар бұрын жалға алған ауылшаруашылық жерлерін пайдалану мерзімін ұзарта алмайды. Жер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болады. Жерді жалға алу үшін қандастарға Қазақстан азаматтығы қажет.

ҚХП фракциясы бұл бастамаларды толығымен мақұлдады. Фракция басшысы Айқын Қоңыров партия 2016 жылдан бері жерді сатуға қарсылық білдіріп келе жатқанын еске салды.

– Қазіргі нәзік әлемдік тәртіп жағдайында жерге қауіп төндіруге болмайды. Ақшаны кез-келген жерде және қалағанша алуға мүмкіндік бар. Ал жер қандай жағдайда болмасын, өз шегінен тыс кеңеймейді, – деді фракция жетекшісі.

Жерді басқа елдердің өкілдеріне ақша үшін беру байырғы халықтың қоныс аударуына және мемлекеттіліктің жойылуына себеп болады. Қазақстан Халық партиясы осының алдын алу үшін жаңа шектеу нормаларын бірауыздан қолдап отыр.

– Біз мемлекет жер ресурстарын пайдаланудағы кемшіліктерді жою мақсатын алдымызға қоюға тиіс деп есептейміз. Бұл жұмыстың басталғанын көріп отырмыз. Біз барлық бастамалар мен ұсыныстарды қолдауға, сондай-ақ ауылда лайықты өмір сүру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз, – деді Айқын Қоңыров.

ҚХП Қазақстан халқы өз жерінде тең, еркін, әділетті билік жағдайында өмір сүруге лайықты деп санайды. «Халық, жер, әділдік» – партияның негізгі ұраны. Депутат жер мәселесінің түпкілікті шешілуін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқына жасалған баға жетпес сыйлық деп атады.

– Жер құқығын ата-бабаларымыз аяқ асты етпеген. Сондықтан біз де жерімізге құрметпен және қамқорлықпен қарауға тиіспіз, – деді А.Қоңыров.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS