fbpx

«СК-Фармация» жұмысына ашықтық қажет Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 17:52

«Халық кеңесі» жобасы аясында «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторының қызметі мен оның бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі мәселесіне қатысты жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы – Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы. Пікірталасқа министрліктердің басшылары, мәжілісмендер және науқастарды емдейтін ұйымдардың өкілдері қатысты.

– Біздің медицинада жедел шешілуі тиіс жүйелі проблемалар жинақталды. Атқарушы органдарымыздың жоспарлау жүйесін жетілдіріп, шешім қабылдаудағы жауапкершілік деңгейін арттыру қажет, – деді кездесуде ҚХП фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров.

Кеңес алдында ҚХП фракциясының ЖИТС-пен күреске қарсы дәрілік препараттарды сатып алу туралы депутаттық сауалы таныстырылды. Депутаттар отандық өндірушіні қолдау сылтауымен «СК-Фармация» ЖШС-ның бюджет қаражатына АРВ-препараттарын және тест-жүйелерін халықаралық ұйымдар ұсынатын бағадан он есе жоғары бағамен сатып алу фактілері тіркелгенін жариялады.

Өкінішке қарай, ҚР Бас прокуратурасы да, Премьер-министр Асқар Мамин де бұл тақырыпқа қызығушылық танытпады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі ережелер мен нұсқауларға сілтеме жасап, жауап берген болды. Алайда бұл жауап депутаттардың қанағаттандырған жоқ.

080421 SmailovFarmaciya2– Сатып алу тетіктері жетілдірілмеген. Алдымен соны реттеу керек, – деп атап өтті ҚХП депутаты Ерлан Смайлов. – Біз мұны өткен жылы, пандемия кезінде, сөрелерден өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер «жоғалып» кеткен кезде көрдік. Қолда бар нормативтік-құқықтық базаны өзгертіп, оны бюджет қаражатын сақтауға бағдарланған және қазақстандықтардың мүддесіне сай келетін етіп жасаған дұрыс.

Кеңес барысында науқастарды емдейтін ұйымдардың өкілдері бетпе-бет келіп отырған проблемаларымен бөлісті. «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орта Азия қауымдастығы» ЗТБ президенті Нұрали Аманжолов қауымдастық қамқорлығындағы адамдардың дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде бюрократиямен үнемі бетпе-бет келетінін атап өтті. Сондай-ақ дәрі-дәрмектердің бағасы «СК-Фармация» нұсқаулығы бойынша құпияланғанын, сатып алу кестесі қолмен есептелетінін, өтінімнен сатып алуға дейінгі кезең аралығында препарат бағасы қымбаттайтынын және оны сатып алу процесін қиындататынын еске салды. Елде дәрі-дәрмектердің буферлік қоры жоқ. Ал тендерлік процедуралар жалғасқан кезде пациенттер іс жүзінде көмексіз қалады. Отандық өндірушіден сатып алынған препараттың 4-уіне (40-тың ішінен) кейде бюджеттің үштен бірі жұмсалады.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев талаптарды мойындап, процесс барысында адами факторды және соның салдарынан орын алатын сыбайлас жемқорлықты толығымен жою үшін компания тек сатып алудың автоматтандырылған жүйесіне көшетінін айтып, уәде берді. Сондай-ақ талап етілетін дәрі-дәрмектің 25 пайыз көлемінде буферлік қор құрылатын болады.

– Біз дәрі-дәрмектердің бүкіл желісін сатып ала алмаймыз. Бірақ әлеуметтік және орфандық түрлерімен міндетті түрде қамтимыз, – деді ол.

«СК-Фармация» өкілі сатып алу процесін барынша ашық ету үшін әдеттегі нұсқаулықты өзгертуге уәде берді.

– Сатып алулар бюджет пен МӘМС есебінен жүргізіледі. Бұл жеке бизнес емес, сондықтан ешқандай коммерциялық құпия болмауы керек, – деді партиялықтар.

Партия мүшелері бағаны 10 есе көтеретін отандық өндірушіні қолдауды «бюджет пен халықтың мүддесіне сай келмейтін жеңілдіктер ұсыну» деп атады. Денсаулық сақтау министрлігі «жергілікті фармацевтикалық өндірушілерді қолдау критерийлерінің тәсілдерін қайта қарау қажеттілігі туындады» деген пікірмен келісіп отыр. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев таяу уақытта барлық нормативтік-құқықтық база қайта қаралып, цифрланатынын жеткізді.

Кеңес барысында трансплантациядан кейінгі пациенттер үшін арзан дженериктердің орнына бірегей препараттарды сатып алу, мүгедек балаларды орфандық препараттармен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.

Кеңесті қорытындылаған Ерлан Смайлов кездесу өте жемісті өтті деп мәлімдеді.

– Біз тұрақты байланыста жұмыс істеп, мәселелерді бірлесіп шешетін боламыз. Сіз – жаңа вице-министрсіз, біз – жаңа депутаттармыз. Парламент онсыз да халық үніне құлақ түреді. Енді Денсаулық сақтау министрлігін де осы тұжырымдамамен жұмыс істейтін ету керек, – деді депутат.

Партиялықтар шенеуніктермен, депутаттармен және науқастарды емдейтін ұйымдардың өкілдерімен бірге жұмыс тобын құруды және осындай кездесулерді жеке және тақырыптық тұрғыдан өткізіп тұруды ұсынды.

– Бұл алғашқы іс-шара. Алдағы уақытта дәл осындай форматта өзге де мәселелерді талқылап, шешетін боламыз, – деді олар.

Қазақстан Халық партиясы сапалы медициналық көмектің еліміздің барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы үшін күреспек.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS