fbpx

Халық жасырын инфляция салығын төлеп отыр Бейсенбі, 07 Қазан 2021 11:00

ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалында онлайн режимде өткен дөңгелек үстелде облыстағы инфляция деңгейі талқыланды.

Жыл сайын Үкімет инфляцияны төмендету қажеттілігі туралы мәлімдеме жасайды. Биыл инфляция деңгейі 3-4% -дан аспайды деп болжам жасалған. Алайда іс жүзінде барлығы басқаша болды.

Аймақ тұрғындары өсіп келе жатқан баға мен нақты кіріс арасындағы алшақтықты көріп, таң қалады. Қазіргі уақытта азық-түлік бағасының ресми көрсеткіші – 11,4%. Бірақ бұл сан ақиқат емес.

Тауарлардың кейбір маңызды топтары үшін бір жылдағы баға 50% -дан жоғары болды.

Қазақстанда нарықтың құлдырауына байланысты инфляцияның ерекше сипаты қалыптасып отыр. Салдарынан халық жарияланбаған жасырын инфляция салығын төлеп, зардап шегіп отыр. Салықтың бұл түрі регрессивті салық болып саналады.

Талқылауға қатысушылардың пікірінше, ең төменгі жалақыны жыл сайын индекстеу мен мемлекеттік және жеке секторда жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің пәрменді тетігін құру қажет.

ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS