fbpx

Батыстың экологиясы басты мәселеге айналды Жұма, 26 Ақпан 2021 10:34

ҚХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті өңірдің экологиялық жағдайы мен жер қойнауын пайдалану мәселелеріне қатысты онлайн режимде дөңгелек үстел өткізді. Талқылауға облыстық экология басқармасының өкілдері, қала тұрғындары, партия белсенділері қатысты.

Қазақстанның батыс аумақтары – мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындары басым өнеркәсіптік өңір. БҚО республикадағы ірі мұнай экспорттаушылардың бірі саналады. Қазақстанда өндірілетін газ көлемінің жартысына жуығы осы облысқа тиесілі (әр жылдары 40%-дан 80%-ға дейін), сонымен қатар мұнда елдегі барлық газ конденсаты өндіріледі (99%). Өңірдің тау-кен өндіру саласының үлесіне нақты сектордың өнеркәсіптік өндірісінің барлық көлемінің 90%-ы тиесілі. Өңдеу саласының үлесі 7,7%.

Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралдағы атмосфераға «ластанудың жоғары деңгейі» мәртебесі берілді. Аймақтың басқа қалаларында атмосфераның мәртебесінің ластануы «жоғары» немесе деңгейіне ие.

БҚО-дағы атмосфераны ластаудың негізгі көздерінің бірі – Қарашаған мұнайгазконденсат кен орны. Ілеспе газды жағу кезінде атмосфераға шығарылатын күкіртсутектен және басқа қосылыстардан бөлек, кен орнындағы жұмыстар қорғасын, кадмий, мырыш, темір, кобальт, ванадий сияқты элементтердің шығарылуына әкеледі. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының қызметкерлері дайындаған жұмыста соңғы жылдары өңірде туу көрсеткіші төмендеп, керісінше өлім-жітім көбейгені айтылған. Березовка мен Тұңғышта мұнай өндірудің теріс экологиялық салдары ең ауыр болып саналады.

Сондай-ақ өңірдің маңызды мәселесі – Жайық өзенінің ластануы. Мезгіл сайын әр түрлі компанияларға тазартылмаған ағынды суларды төккені үшін айыппұл салынады. Бірақ бұл жағдайды түбегейлі өзгертпейді, судың ластану индексі жоғары. Ал Орал БҚО-ның негізгі су артерияларының бірі және ауыз су көзі болып табылады.

Соңғы жылдары Орал айналасындағы жалпы экологиялық жағдай нашарлауда. Елек өзеніндегі алты валентті хромның деңгейі (Орал ағыны) жекелеген кезеңдерде шекті рұқсат етілген концентрациядан асып түседі. Халықаралық геодезиялық ұйымы Орал өзеніне ластанудың соңғы – 5-ші дәрежесін берді. Оны іс жүзінде адамның пайдалануына жарамсыз деп таныды. Бүгінгі таңда өзен мен кеме қатынасы жойылды. Бұл экологиялық апатпен пара-пар. Ресей мен Қазақстаннан келетін ірі ластаушы кәсіпорындардың өнеркәсіптік ағындарының көлемі төмендемей отыр, өзеннің табиғи арнасының сулану қарқыны ұлғаюда. Үйлестірілген жүйелі түбін тазалау және жағалауды нығайту жұмыстары, арнаны үйінділерден тазарту талап етіледі.

Өңірдегі маңызды мәселенің бірі – Шалқар көлі. 2008 жылғы жер сілкінісінен кейін көлдің экологиялық жағдайы едәуір нашарлады. БҚО бойынша табиғат пайдалану басқармасы ұсынған мәліметтерден судың химиялық құрамы нормадан ерекшеленетіні, тұз мөлшерінің едәуір өскені, сондай-ақ күкіртсутектің үлес салмағының артқаны байқалады. Аталған өзгерістер су айдыны мен оған іргелес аумақ экологиялық апат шегінде тұр дегенді білдіред. Бірнеше мың тонна көтерілген ұсақ дисперсті тұзды-сазды жүзінді кез келген аумақты шөлге айналдыруға қабілетті. Ал кеуіп бара жатқан тұзды көл Теректі ауданының далалық аумақтарын шөлге айналдырады.

Талқылаудан кейін облыс экологиясына жүктемені азайту шаралары көрсетілген қарар әзірленді. Облыс кәсіпорындарында технологиялық режимді қатаң сақтау, тазарту жабдығын енгізу, олардың жұмысын бақылау, жағу қондырғыларын газ отынына көшіру кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді нақты азайтуға болады. Су-мұнай қоспаларын қабылдау және кәдеге жарату жүйесі, Оралда қаланың сарқынды суларын биологиялық тазарту жөніндегі құрылыстардың арнайы кешенін салу қажет. Орман өсіру де тығырықтан шығудың бір жолы.

ҚХП Батыс  Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS