fbpx

ҚХП аула клубтарын жандандыруды қолдайды Сәрсенбі, 09 Маусым 2021 08:23

ҚХП Қарағанды облыстық филиалында «Оқушылар мен студенттер үшін аула клубтарын дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін спорт алаңдарын орнату» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға «Шахтер» КМҚК, «Лучик надежды» ҮЕҰ, білім беру бөлімі мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ҚХП-ның мәслихат депутаттары, партия активі қатысты.

Іс-шараға қатысушылар облыс басшылығы мен кәсіпкерлері үлкен спорт нысандары мен ойын-сауық орталықтарын ғана ынталандырып, қаржыландыратынын атап өтті. Қазақстан Халық партиясы мен оның депутаттары халықтың басым бөлігі спорт секциялары мен шығармашылықты дамыту үйірмелеріне қол жеткізуі үшін аула клубтарын жандандыру және қолдау қажет деп есептейді. Сонымен қатар, аула клубтарын ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін де жабдықтау қажет.

Пікірталас барысында аула клубтарының қызметі туралы халықтың нашар хабардар екені атап өтілді. Сондықтан журналистер мен блогерлерді тарта отырып, олардың жұмыстарын кеңінен жария ету қажет. Аула клубтарын дамыту және ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін  қалалық әкімдік бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажет. Даму ерекшеліктері бар балаларды оңалту және оқытумен айналысатын «Лучик надежды» қорының жетекшісі аула клубтарының қызметі мен оларды жабдықтау бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Отырыс соңында қатысушылар нақты ұсыныстарды қалыптастыру үшін қосымша кездесу өткізіп, оларды қалалық мәслихаттың таяудағы жиналысында қарау туралы шешім қабылдады.

ҚХП Қарағанды облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS