– «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты ұлттық жоспар еліміздегі аға буынның жағдайын жақсартуға бағытталған. Бірақ біздің өңірде осы жоспардағы 76 пункттің жартысына жуығы қысқарып қалды, – деді ҚХП Қарағанды облыстық филиалының төрағасы А.Зевахин.
Талқылау барысында қаржыландырудың болмауы, жобаны іске асыруға атүсті қарау, ұлттық жобада жұмыспен қамтылуға тиіс басқармалар арасында өзара байланыстың болмауы сынды мәселелер анықталды.
– Ұлттық жоспарды жүзеге асыруда Әлеуметтік қорғау және үйлестіру басқармасы ғана емес, Денсаулық сақтау басқармасы, мәдениет және білім басқармасы және Статистика басқармасы маңызды рөл атқарады, – деді
ҚХП Қарағанды облыстық филиалы Жастар қанатының жетекшісі С.Асан. Жиын қортындысында бірқатар мәселелер жергілікті билік органдарына жолданды, ал өңірлік жоспар қажетті шаралармен толықтырылды.
ҚХП Қарағанды облыстық филиалы