fbpx

Ынтымақты зейнетақы жүйесі лайықты қарттыққа бастайды Бейсенбі, 04 Наурыз 2021 10:26

ҚХП Қарағанды облыстық комитетінің активі ынтымақты зейнетақы жүйесіне оралу қажеттілігі турасында қоғамдық пікірталас өткізді.

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, Кәсіподақ орталығының, «АрселорМиттал» көмір департаменті Ардагерлер кеңесінің, «Қарағандыкөмір» компаниясының, «Киров» шахтасының, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің, «Память» қоғамдық бірлестігінің өкілдері,  энергетиктер, партия активі қатысты.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин қатысушыларды жинақтаушы зейнетақы қоры жайындағы партия бастамаларымен және Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының зейнетақы жүйесіне қатысты депутаттық сауалы туралы хабардар етті.

ҚХП Қазақстанда жинақтаушы жүйеге қарағанда ынтымақты зейнетақы жүйесін жақтайды. Елдегі еңбекақы төмен болғандықтан, зейнетақы қорына түсетін аударымдар да қомақты емес. Тиісінше, қазақстандықтардың көбі зейнетақыға лайықты өмір сүре алмайды. Сондай-ақ ҚХП зейнетке шығу жасы 60 жастан аспауы керек деп санайды. Біріншіден, бұл денсаулыққа, әсіресе ауыр физикалық еңбекпен айналысатын және қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін адамдар үшін зиян келтіреді. Екіншіден, жас кадрлар зейнет жасының ұлғаюына байланысты жұмысқа орналаса алмайды, ал жұмыс орындарына жас мамандар ауадай қажет. Бұдан бөлек, мемлекет елдің дамуына өз үлесін қосқан зейнеткерлік жастағы адамдарға қамқорлық көрсетуге тиіс. Сондықтан ынтымақты зейнетақы жүйесі нағыз орынды шешім болмақ. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері тиісті жыл сайынғы түзетумен орташа жалақыға теңестірілуі тиіс. Әйтпесе, қазақстандық зейнеткерлер кедейлік шегінде өмір сүруге мәжбүр болады.

040321 Krg PensiiПікірсайысқа қатысушылар айтылған ұсыныстарды бірауыздан қолдады. Бұрын Кеңес дәуірінде кеншілер мен металлургтер ауыр жағдайлардағы жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болса, 55 жасында және одан да ертерек зейнетке шыға алатын. Қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақы жасы тек құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде бар: майор зейнетке 48 жаста, ал полковник 55 жаста шыға алады. Кеншілер мен металлургтердің еңбек жағдайы да қауіпті. Сондықтан оларды 63 жасында зейнетке шығару әділетсіз.

Талқылаудан кейін қоғамдық пікірталасқа қатысушылардың ұсыныстары мен бастамаларын қамитын қорытынды құжат қабылданды. Зейнетақы жүйесі түзетуді қажет етеді. Қарттар лайықты өмір сүруі керек.

ҚХП Қарағанды облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS