Скандинавиялық жүріс қазақстандықтар арасында кеңінен танымал. Ол арқылы денсаулықты нығайтып, дене белсенділігі мен жалпы эмоционалдық жай-күйі жақсартуға болады.
Теміртау қалалық партия комитетінің хатшысы Ярослава Косулина бос уақытында спорттық жүрістің осы түрі бойынша арнайы топты жаттықтырады. Марафон қатысушылары тамаша техника мен жоғары физикалық көрсеткіштерін паш етті. Спорттық іс-шараға келгендердің барлығы таза ауада дене шынықтырып, мерекелік атмосфера мен керемет көңіл-күйге ие болды.
Марафонға қатысқан Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин кездесуге келгендердің барлығын ҚХП фракциясының депутаттық сауалдарымен таныстырды.
Шара соңында қатысушыларға грамоталар табыс етілді.
ҚХП Қарағанды облыстық комитеті