fbpx

Көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді Сейсенбі, 04 Мамыр 2021 16:49

ҚХП Ақмола облыстық комитеті Бұланды ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Макинск тұрғындары партия мүшелеріне қоқыс шығару, тұрғын үй, жер тапшылығы мәселелерімен жүгінді.

Облыстық комитеттің заңгері А.Тастамбаев сол жерде азаматтарға азаматтық-құқықтық қатынастар мәселелері бойынша кеңес беріп, ҚХП депутаттарының депутаттық сауалдарында көтерілген мәселелердің өзектілігі туралы айтты.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Кәрімов аудандық партия ұйымының басшысы Я.Кусиевпен бірге ұйымдастыру мәселелері мен жоспарланған партиялық іс-шараларды талқылады. Партия мүшелері өңірде проблемалар көп екенін, олардың шешу жолдарының бар екенін атап өтті. Алайда аудан әкімімен жүздесу тағы да мүмкін болмады. Ол жұмысының көптігін алға тартып, партия белсенділерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауға уақыт таппай жүр.

040521 Aqmola

Тұрғындардан Бұланды ауданының Макинск қаласында облыс әкімдігінің өкілдерін тарта отырып өңірдің проблемалары бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы ұсыныс түсті. Ақмола облыстық комитеті бұл ұсынысты қолдады.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS