fbpx

«Біз есірткіге қарсымыз!» Сейсенбі, 04 Мамыр 2021 16:57

Көкшетаудың «Сарыарқа» шағын ауданында Ақмола облысының полиция департаменті ҚХП Ақмола облыстық комитетінің ұсынысы бойынша есірткі заттарының жарнамасын анықтау және жолын кесу акциясын өткізді. Оған «Өмірлік жол» қоғамдық қоры мен шағын аудандағы пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері белсене қатысты.

Қалалық мәслихаттың депутаты Айя Калягина іс-шара өтетін жерден тікелей эфир жүргізді. Жарнама іздерін анықтау мақсатында белсенділер аулаларды аралап, тұрғын үйлердің кіреберістерін тексерді. Шағын аудан тұрғындарымен әңгімелесіп, оларға есірткі жарнамаларын өшірудің тиімді жолдары көрсетілді.

Сонымен қатар партия мүшелері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу арқылы есірткі заттарын сатумен айналысқан үш интернет дүкенін анықтады. Анықталған сайттардың мекен-жайы полиция қызметкерлеріне берілді. Үйлесімді әрекеттің нәтижесінде сайттардың жұмысы тоқтатылды.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті азаматтарды есірткі құралдарын пайдалануға, сатуға немесе жарнамалауға нөлдік төзімділік таныта отырып, бұл істе сырт қалмауға және осындай фактілер анықталған жағдайда бірден полиция қызметкерлеріне хабарлауға шақырады.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS