fbpx

Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот Жұма, 11 Маусым 2021 09:46

Қазақстан Халық партиясының Ақмола облыстық филиалында Көкшетау қаласының ПИК өкілдерімен кездесу өтті.

Жиында көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысаны – мүлік иелері бірлестігіне көшу мәселесі талқыланды. Реформаның мән-жайын түсіндіруге тұрғын үй инспекциясының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, «Көкшетау Су Арнасы» және «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері қатысты. 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ПИК қызметі тоқтатылады. Пәтер иелері бұған күмәнмен қарайды. Көптің күдігін сейілту үшін олардың назарына әдістемелік слайд ұсынылды.

Іс барысында полиция департаментінің қызметкерлері тұрғын үйлердегі граффити-хабарландыруларды анықтау мен жою және есірткі жарнамасына жол бермеу мәселесі маңызды екенін мәлімдеді.

Жиын қорытындысында бірыңғай WhatsApp-чатқа тұрғын үй инспекциясының, ПИК және мүлік иелері бірлестігі қызметкерлерімен қатар ҚХП Ақмола облыстық филиалының өкілдері қосылды.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS