fbpx

Қоршаған ортаны қорғау қажет Сейсенбі, 15 Маусым 2021 09:44

Қазақстан Халық партиясы Ақмола облыстық филиалының активі «Диалог» пікірталас клубының отырысына қатысып, «Көкшетау қаласының экологиялық портреті» тақырыбын талқылады.

Пікірталас барысында ауыз су сапасы мен Қопа көлінің экологиялық мәселесі қаралды.

Кездесуге Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен облыстық экология департаменті және Көкшетау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері қатысты.

Партия мүшелері қоршаған ортаны қорғауды қолдау мақсатында экологиялық сенбілік ұйымдастыруға және қала тұрғындарының көшелердің, көлдердің, жақын маңдағы орман алқаптарының тазалығына деген жауапкершілігін арттыруға басымдық беру қажеттігінеп назар аударды.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS