fbpx

Тарифті тежеу бастамасын көтерді Бейсенбі, 30 Қыркүйек 2021 09:26

ҚХП Ақмола облыстық филиалында қоғамдық тыңдау өтті. Жиында жылыту маусымына дайындық мәселесі пысықталып, жылу энергиясының тарифі талқыланды.

Көкшетау қаласы мен облыс тұрғындары жылу желілерінің жай-күйіне және жылу бағасының өсуіне алаңдаушылық білдірді. Жылу энергиясының қымбаттауы тауар мен қызмет құнының өсуіне алып келеді. Бұл – халықтың әл-ауқатына кері әсер етеді.

Монополист «Көкшетау Жылу» республика бойынша ең төмен тариф ұсынып отырғанын алға тартып, жылу энергиясын өндіруге және оның транзитіне көп шығындалатынын алға тартты.

Жиын соңында партияның облыстық филиалы Ақмола облысы бойынша табиғи монополиялар департаментіне «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК шығынына талдау жүргізу және қолданыстағы тарифті жыл соңына дейін ұстап тұру туралы ұсыным жіберді.

ҚХП Ақмола облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS