fbpx

Дәрі-дәрмек бағасы шарықтап барады Сейсенбі, 16 Ақпан 2021 08:27

ҚХП Ақмола облыстық комитетінің өкілдері Көкшетау қаласының дәріханаларын аралап, дәрі-дәрмектің бағасын тексерді.

Акция барысында дәріханалар ұсынған фармацевтикалық дәрі-дәрмектің бағасы салыстырылды, сондай-ақ азаматтар арасында жедел сауалнама жүргізілді. Олардың пікірінше, дәрі-дәрмектің құны біртіндеп артып келеді.

Сонымен қатар партия белсенділері мен еріктілер қала тұрғындарына тегін дәрі-дәрмектің бар-жоғына қалай тексеру жүргізуге болатынын түсіндірді. Ол үшін 1439 тегін нөмірі арқыы «СК-Фармация» компаниясының байланыс орталығына жүгінуге болады. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің шекті бағасы туралы ақпаратты «DariKz» мобильді қосымшасы арқылы алуға болатынын жеткізді.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS