fbpx

Халық жайлы әрі қауіпсіз баспанамен қамтылуы керек Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 08:20

ҚХП Ақмола облыстық комитеті қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді.

Оған БЖЗҚ Ақмола облыстық филиалының, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің, Тұрғын үй инспекциясының, «Көкшетау Жылу» ұйымының өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдауға қатысуға ниет білдірген Көкшетау қаласы мен облыс тұрғындары жиынға ZООМ арқылы қосылды.

Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу – Қазақстан Халық партиясы бағдарламасының негізгі бағытының бірі. ҚХП фракциясының депутаттары қазақстандықтардың өмір сүру сапасының стандарттарын заңнамалық деңгейде бекіту туралы бастама көтерді. Азаматтардың жеке жайлы әрі қауіпсіз баспанасы болуы керек.

Ақмолалықтар партияның ұсынысына белсенді үн қосып, талқылау барысында жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларының тізімін кеңейту және оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды төмендету мәселелерін көтерді. Бағасы қолжетімді тұрғын үй немесе жеке құрылысқа жер беру – қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешудің бір мүмкіндігі. Ол үшін мемлекеттік бағдарламалар заман талаптарына сай келетін, ойластырылған болуы керек. Тұрғын үй құрылысын жандандыру арқылы құрылыс материалдарын шығаратын отандық кәсіпорындарды дамытуға жол ашылады. Бұл бағытты жұмыспен қамтудың жол картасына енгізуге де болады. Сондай-ақ жерді заңсыз сатуға тыйым салу қажет.

230221 AqmZhilyeІс-шара барысында Көкшетау мен облыс аумағында тұрудың артықшылықтары мен кемшіліктері де қаралды. Тұрғындардан халыққа қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ұсыныстар келіп түсті. Мысалы, бірыңғай есептік шотқа электр энергиясы төлемін қосу ұсынылды. Бұл азаматтардың түбіртектер үшін комиссиялық шығыстарын қысқартады. Қаланың кем дегенде үш шағын ауданында коммуналдық қызметті төлеуге арналған терминалдардың санын (комиссиялық алымсыз) арттыру туралы ұсыныс тасталды. ПИК жұмысына, судың сапасына және пәтерлердегі жылудың жеткіліксіздігіне қатысты шағымдар айтылды. Іс-шара барысында айтылған барлық ұсыныстар мен мәселелер тиісті инстанцияларға жолданып, бақылауға алынды.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS