fbpx

Депутаттық сауалдар өзекті мәселелерге арналды Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 07:46

ҚХП Ақмола облыстық комитетінің активі өткен айда республикалық «Партия дауысы» акциясының үшінші – соңғы кезеңін өткізді.

Іс-шара барысында Көкшетау тұрғындарына «Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясының соңғы депутаттық сауалдары таныстырылды.

Қаланың халық көп жүретін орындарында ҚХП нышаны бар қызыл күртеше киген белсенділер депутаттық сауалдар жазылған кітапшаларды таратып, оларға қысқаша түсініктеме берді.

Халықтың өміріне, дүние-мүлкіне орасан зор залал келтіретін су тасқынының алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігіне арналған депутаттық сауал тұрғындардың үлкен қызығушылығын тудырып, қолдауына ие болды. Сондай-ақ көкшетаулықтар азық-түліктің қолжетімділігі мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын қабылдаудың маңыздылығына арналған депутаттық сауалды да жақсы қабылдады. Депутаттық сауалдың бірі халық табысын ұлғайту жөніндегі шараларды және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күрес бағытын қамтыды. Фракция депутаты мамандардың жетіспеушілігін «Жас маман» жобасын колледждерге енгізу арқылы шешуді ұсынды. Бұл елге қажетті білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

010321 AqmОсы орайда, комитеттің қатарын жас мүшелермен толыққанын, олардың бірден «Партия дауысы» акциясына белсене қатысқанын атап өткен дұрыс.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS