fbpx

Тұрғын үйлерді басқару тығырыққа тірелмеуі қажет Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 07:51

ҚХП Степногорск қалалық комитетінің хатшысы Денис Шило ПИК өкілдерімен кездесті. Қазақстанда «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заңға сәйкес, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ПИК-тің қолданысы тоқтатылады.

Олардың орнын жай серіктестіктер және мүлік иелерінің бірлестіктері басады. Қабылданған заңға сәйкес, бір жыл ішінде  2021 жылдың 7қаңтарына дейін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері жай серіктестікті немесе мүлік иелерінің бірлестігінің біреуін таңдау үшін жиналыстар өткізуі керек. Әрине, елдегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жиналыс өткізу тәртібін шектегені анық.

ПИК өкілдері кішігірім үйлерге мүлік иелері бірлестігінің формасын игеру қиын болады деп алаңдайды. Егер қарапайым серіктестіктің нұсқасын қарастыратын болсақ, онда тұрғындар нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде белгілі бір жеке тұлғаға үй басқарушысының құқығын береді. Онда үйдің барлық қаражаты бір қолда шоғырланатын болады. Мұның теріс салдары болуы мүмкін. Бірақ бәрі адамдардың өзіне байланысты.

Кездесуге қатысушылар тұрғын үй қорына қызмет көрсету тарифтері артады деп санайды. Өйткені жеке қызмет көрсету персоналын (сантехник, бухгалтер, электрик) жалдау қажет болады. Ал бұл өте қымбатқа түседі.

Көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысанын құруға қатысты маңызды мәселе – сервистік және басқарушы компаниялардың, сондай-ақ МИБ төрағасының жұмыс сапасын бағалау. Қала тұрғындары басқарушы компанияны қалай таңдайды? Олардың жұмысын қандай принцип бойынша және кім бағалауы керек?

Тұрғын үй қатынастарының бір нысаннан екіншісіне ауысуы кезеңінде халық қалаулылары тұрғын үй секторына қызмет көрсету қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы мәселені уақтылы көтерді. Тұрғын үй секторына қызмет көрсетуді толығымен жеке меншікке бере отырып, мемлекет азаматтардың өмір сүру сапасының белгілі бір стандарттарының сақталуына кепілдік беруге, ықтимал тәуекелдерді пысықтауға және тұрғындардың өз құқықтарын қорғау үшін соттар мен құқық қорғау органдарына жаппай жүгінуге мәжбүр болатын жағдайлардың алдын алуға тиіс.

010321 Aqm OsyХалық партиясы тұрғын үй мәселелерін шешуде, қазақстандықтардың қолайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүруін реттеуде мұқият болуға ниетті.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS