fbpx

Ерекше балаларға ерекше қолдау қажет Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 07:56

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдаудың кешенді жүйесін әзірледі. Әлеуметтік көмек, медициналық қызмет, оңалту, білімге қолжетімділік және тең мүмкіндік бәрі қарастырылған. Дегенмен, мүгедектігі бар балалар қазіргі қоғамда, әсіресе пандемия кезінде ең осал санатта қала бермек.

ҚХП Ақмола облыстық комитетінің активі Ерейментау қаласының тұрғындарымен – мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Кездесу мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік қамсыздандыру және бейімделу процесінде кездесетін проблемаларды бақылау мақсатында ұйымдастырылды. Партия мүшелерінің бастамасын облыстық ведомстволардың басшылары қолдап, кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығынан, Ерейментау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары жиналды.

Диалог мазмұнды өрілді. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісті және мемлекеттің қолдауы үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы М.Ахметжанова кеңес берді. Ерейментау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Сердцева мүгедек балалар үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен әлеуметтік кепілдіктер туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығының өкілі бірлестіктің қызметі туралы баяндады.

ҚХП Ақмола облыстық комитетінің заңгері мүгедектерге және оларға күтім жасайтын тұлғаларға мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер туралы ақпарат ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Кәрімов талқылау барысында анықталған мәселелерге сүйене отырып, Ерейментау ауданында тұратын 98 мүгедек баланың күн сайын кездесетін мәселелерін атап өтті.

Ең алдымен, бұл ауданның облыс орталығынан қашықтығы. Науқас балаларды Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу мекемесіне бекіту әлдеқайда ыңғайлы болар еді. Негізінен денсаулық сақтау органдарына оңалту бағдарламаларының, оның ішінде физиотерапиялық және дәрі-дәрмекпен емдеу, емдік-сауықтыру дене шынықтыру, массаждың жеткіліксіздігі туралы сұрақтар қойылды. Кәсіби балалар психологтары, невропатологтар, дефектологтар және логопедтер тарапынан консультациялардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Емдеу және қалпына келтіру тек порталға қою арқылы ғана қолжетімді. Бұл ретте кезек күту 2 айдан 4 айға дейін созылуы мүмкін. Порталдың баламасы – ақылы медициналық көмек. Мұны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді.

Өкінішке қарай, бұл проблемалар мүмкіндігі шектеулі адамдардың барлығы үшін өзекті. Сондықтан оларды заңнамалық деңгейде қарастыру керек.

Қазақстан Халық партиясы аталған мәселелерді мемлекеттік медициналық қызметтер секторына жұмсалатын шығыстарды, міндетті медициналық тексерулер мен кепілдік берілген кешенді емдеу көлемін ұлғайту арқылы шешуге болады деп есептейді. Мұндай мемлекеттік тәсіл ауруды ерте кезеңдерде диагностикалауға мүмкіндік береді. Демек, қалпына келу мүмкіндігі жоғары болмақ. Партия бастамаларының бірі – әлеуметтік сақтандыру қорын тарату. Бұл қаражат ауруханалар мен емханаларды жаңғыртуға, медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға жұмсалуы тиіс. Мемлекет азаматтардың денсаулығы есебінен ақша таппауы керек.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS