fbpx

«Халық кеңесінде» халық көкейіндегі мәселе қаралды Сейсенбі, 02 Наурыз 2021 09:36

ҚХП Ақмола облыстық комитеті «Халық кеңесі» халықтық бастамасын іске асыру шеңберінде алименттік міндеттемелер мен борышкерлерге ықпал ету шаралары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының тиімділігін талқылау үшін шара ұйымдастырды.

Шараға облыстық полиция департаментінің, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, Сот актілерін орындау бойынша ауданаралық аумақтық бөлімінің және Көкшетау прокуратурасының, сондай-ақ облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты.

Іс-шараның қатысушылары Қазақстанда алименттік міндеттемелерді орындамау проблемасы отбасы шеңберінен шығып, мемлекеттік проблемаға айналғаны туралы ортақ пікір білдірді. Балалар алдындағы қарыз жыл сайын көбеюде, борышкерлердің тізімі де азайған емес.

Мәселен, 2020 жылы Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының орындауында 11 167 атқарушылық іс жүргізу болған. Оның ішінде дербес төлемдер тек 4 011 (35%) іс бойынша жүзеге асырылады, өндіріп алушыларға орындалмаған күйі 1 516 іс қайтарылды, мерзімді орындауда 4 913 іс бар. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша барлығы 89 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін (ҚР ҚК 139-бабы бойынша) облыстық полиция департаментінің анықтау органдарының іс жүргізуінде 95 қылмыстық іс болған. Оның 93-і іс жүргізумен тоқтатылды, сотқа бірде-бір іс жіберілмеді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалар алдындағы алимент берешегі Көкшетау бойынша 166 млн теңгені құрайды.

Бұл құрғақ статистика емес, шын мәнінде мұның артында тағдырлар жатыр. Сондықтан шараға қатысқан аналар құзырлы органдардың өкілдеріне сұрақтар қойды. Шараның өтуіне қызығушылық танытқан да солар болатын. Ашық алаң форматы онлайн және оффлайн режимде диалог жүргізуге мүмкіндік берді. Сұрақтар ұялы телефондар арқылы келіп түсіп, ZOOM және тікелей диалог арқылы залға жолданды.

Әкесіз және материалдық қолдаусыз бала тәрбиелеп отырған әйелдер үшін бұл мәселе өте өзекті. Немқұрайлы әкелер жылдар бойы іздеуде жүреді. Олардың әрқайсысында 5-7 млн теңгеден астам берешек бар. Ал өндіріп алушылар бір шеңберді айналып жүргендей күйге қалдырады. Қалалық прокуратура мен жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері «сұрақ-жауап» режимінде кеңес беріп, өтініш берушілермен байланыс деректерімен алмасты.

Барлық қатысушылар іс-шараның тиімді болғанын, ашықтығын, қарым-қатынас форматының ыңғайлылығын және келіп түскен ұсыныстардың ерекшелігін атап өтті.

Ең бастысы, Қазақстан Халық партиясы ұсынған «Халық кеңесі» жобасы қарапайым адамдарға өз проблемалары туралы ашық айтуға, билік органдары әрекеттерінің келіспеушілігі мен бытыраңқылығын жеңуге мүмкіндік береді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындалды. Облыстық ведомстволарға ақпараттық хаттар жіберілді, олардың қаралуын партия мүшелері бақылауға алды.

ҚХП Ақмола облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS