fbpx

Ерлікті насихаттайтын дәріс Жұма, 30 Сәуір 2021 09:35

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарихшы Вячеслав Артемьев және ҚХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі Ақтөбедегі бес мектептің жоғары сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысы туралы дәрістер циклін өткізді.

Қала мектептерінің оқушылары онлайн-сабақтарды ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Өз кезегінде партия ұйымының белсенділері білім беру бөлімінің әдіскері Нұржігіт Жалғасбаевқа жобаға мектеп оқушыларын көптеп тартқаны үшін алғыс айтты.

300421 AktHist

Лектор В.Артемьев бір ай бойы өткізілген сабақтарға мұқият дайындалды. Өз дәрістерінде ол Ұлы Отан соғысының маңызды фактілері, қазақстандықтардың ерлігі, тылдағы еңбек майданы туралы айтып берді. Осы дәрістердің арқасында жас ақтөбеліктердің ардагерлерге деген құрметі арта түсіп, патриоттық тұрғыдан тұшымды тәрбие алды.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS